Есірткісіз өмір - ғажайып!

4249
Adyrna.kz Telegram

 

Есірткі туралы ой қозғағанда есіңді екеу, түсіңді төртеу қылатын мәліметтер жоқ емес. Ара-тұра апиын іздеп, әбігер болатындар, есірткі таусылса, есі ауысып кететін нашақорлар күн сайын көбейіп жатқаны өкінішті-ақ. Бұл-есірткі ел де таңдамайды, адам да талғамайды екен. Дертке айналған тажалдың тосыннан тосырқатып тастайтыны соншалық қылмыскерлер санының өршуіне себеп болып отыр. Бұл індетті қанымызға сіңген дерт деуге болмайды. Шет мемлекеттерден  тасымалданған нашаға рухы әлсіз адамдар ғана душар болады. Сондықтан жасампаз елдің алға өрлеуіне үлесімізді бүгінен қосқанымыз абзал. Есірткімен айналыспайтын адамдардың өмірі, қоғамға деген көзқарасы, қоршаған ортадағы түсінігінің қалыптасуы ерек болады. Жаһандану заманында жаңа техниканы игеруге, арман-мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылады. Өз өмірін осы қағидалар арқылы түрлендіреді. Ал әлсіз адамдар сәл қиындыққа ұшыраса, есірткіні ойына алып оны шегу арқылы ғажап әлемге тап болғысы келеді. Нашаны пайдаланғандар дегбірі қашып, дел-сал күйге енсе де есірткімен өткен өмірінің бәрі ғажап деп ойлайды. Міне, сондықтан да жастардың есірткіге тәуелділігі өзекті мәселенің бірі. Есірткінің алдын алу үшін балаға ата-ананың рөлі зор. Есірткісіз де өмірдің мән-мағынасы, арманы айқын орындалуына көз жеткізу қажет. Бұндай түйткілді мәселелердің мән-жәйін анықтап, бей-жәй қалдырмай қарекет қылған абзал. Мен ертеңімді есірткісіз жаңа заман талабына сай, дамыған отыз елдің қатарынан көремін.

Тәуелсіз Қазақстанда есірткіге тәуелділік белең алған кезең. Адам өмірінің өлшеулі кезеңдерін қысқартатын бірден-бір себеп–есірткі.Есірткінің ертеңі бұлыңғыр екенін біле отыра қилы-қилы тағдырларға ұшырасып жатамыз. Адам–қоғамның айнасы іспетті. Қоғамда қалай әрекет етсең, ісің солай жүзеге асады.  XXI ғасыр жаһандану заманында жаңашылдықтың жарсышы болу – бізге міндет. Сондықтан, есіркісіз де өміріңді ғажап етуіңе болатынын жасөспірімдерге кеңінен насхаттауға тиіспіз. Айналамдағы достарыма:есірткісіз өміріңді елестете аласың ба дегенімде, қоғамдағы кері проблемалардың бәрі есірткіден болатынын айтты. Жастар арасындағы асқынған дерттің алдын алу үшін жастарға жаңашыл бағыттағы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұруды ұсынар едім.Есірткісіз де ертеңімізді ғажайып сәттерге толы етіп өткізуге болатынын жастарымызға дәлелдейік!

                            

 

       №67 орта мектебінің оқушысы Ақтілек ЗАЙЫП,

                                   Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қосжар ауылы 

 

#ОПД ЕҚҚIҚБбайқауына

#наконкурсУПДДПКЗО

Пікірлер