Ақтөбе облысында 2020 жылы 1 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылады

2273
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин хабарлады.
Өңірде тұрғын үй құрылысы саласының қарқынды дамуы байқалады. Атап айтқанда,  тұрғын үй құрылысы белсенді дамып, "Нұрлы жер" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 558 мың м2 баспана (3 785 пәтер) пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 1 млн.м2 (7 200) пәтер тапсыру жоспарланып отыр. Ал "7-20-25" бағдарламасы бойынша шамамен 1 400 өтінім мақұлданды.
«Тұрғын үй кезегінде 31,2 мың адам тұр, оның ішінде 16,5 мыңы – халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, 2,8 мыңы - көп балалы отбасы. Ағымдағы жылы 1 084 отбасына пәтер беру жоспарлануда, 485 отбасы тұрғын үй алды, оның ішінде 222 - халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, 236-көпбалалы отбасылар. Бұл мақсатқа 6,5 млрд. теңге қарастырылған. Келесі жылға 1,1 млн м2 тұрғын үйді немесе 7 500-дей пәтерді пайдалануға беру жоспарланған»,- деді спикер.
Пандемияға байланысты ағымдағы жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қызметтерге шекті тарифтер 20% - ға, аудандар бойынша 50% - ға, электр энергиясын тұрмыстық мақсаттарда пайдаланатын тұрғындардың топтары үшін облыс бойынша электрмен жабдықтауға 10% шегінде төмендетілді.
Облыста халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.
Елді мекендерді сумен және газбен жабдықтау жөніндегі жобаларды іске асырудың қорытындылары бойынша осы  жылдың соңына дейін халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау 95,8% – ды, газбен жабдықтау 91,3% - ды құрайды.
2021 жылы 12 елді мекеннің тұрғындарын ауыз сумен, 8 елді мекенді газбен қамтамасыз ету жобаларын іске асыру жоспарланып отыр, жоба құны 4,8 млрд.теңге.

Пікірлер