"Құбыжық" P4P рейтингінде Канелоның алдына түсіп кетті

4565
Adyrna.kz Telegram

Халықарадағы Бокс рейтингі бойынша трансляциялық кеңес ақпараты (TBRB) әлемдегі ең мықты жұдырықшылардың жаңа тізімін жариялаған болатын, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Олардың ішінде лақап аты "Құбыжық" деп аталып кеткен жапониялық Наоя Иноуэ (20-0 (KO) рейтингте бірінші орынға көтерілді. Ол алғашқы орыннан  Сауль "Канело" Альваресті (53-1-2, 36 КО) екінші орынға ығыстырды. Үшінші орында америкалық Теренс Кроуфорд (36-0, 27 КО). Ал отандасымыз Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) алтыншы орында.

Алғашқы ондықта табан тіреп тұрған боксшылар тізімі:

1. Наоя Иноуэ
2. Сауль "Канело" Альварес
3. Теренс Кроуфорд
4. Александр Усик
5. Тайсон Фьюри
6. Геннадий Головкин
7. Теофимо Лопес
8. Хуан Франсиско Эстрада
9. Эррол Спенс-младший
10. Василий Ломаченко

Соңғы рет Иноуэ  31 қазан күні Лас-Вегаста өткен бокс кешінде шаршы алаңға шығып, аустралиялық қарсыласы Джейсон Молониді жетінші раундта  нокаутқа жіберген еді. Сол жеңісінің арқасында өте жеңіл салмақта WBA, IBF және The Ring журналының белбеулерін қорғап қалған болатын.

 

Ұларбек Дәлейұлы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер