Кәсіпкер болсаңыз, онлайн шот ашуға асығыңыз!

3973
Adyrna.kz Telegram

Сіздің ше, «мінсіз» кәсіпкер қандай болуы керек? Әрине, креативті, бейімделгіш, сақ, мақсатқа ұмтылғыш, жауапкершілігі жоғары деп әбден жауыр болған сөздерді тізіп шыға аламыз. Алайда кез келген істің оңай жолын тауып, уақытын үнемдейтін кәсіпкер–ең негізгі қасиеттерді бойына сіңірген кәсіпкер болмақ. Мәселен, банктен шот ашудың өзін бөлімшеге барып, сағаттап күту–күйкі тірліктен көз ашпай жүрген кәсіпкер үшін тиімсіз болмақ. Сондықтан «Halyk Bank» кәсіпкерлер үшін небәрі 10 минуттың ішінде онлайн шот ашудың толыққанды жүйесін, оңай жолдарын ойлап тапқан.

Қалай дейсіз бе?! Демесеңіз де айтайық.

Не істеу керек?

Ол үшін кәсіпкерге openaccount.onlinebank.kz веб-сайтына кіріп, электронды үкімет порталының (egov) мобильді қосымшасы арқылы мәліметтер базасына тіркелген телефон нөмірін енгізіп, электронды үкімет порталындағы (egov) авторизациядан өтіп, Onlinebank порталындағы тексеру және тіркеу процедурасын аяқтауы қажет. Салыстырмалы түрде офлайн режимде шотты ашу 30 минутты құраса, онлайн режимінде шот ашу  тәуліктің кез келген уақытында 10 минутыңызды ғана алады.

Жеке кәсіпкерлер үшін онлайн-шот ашуға арналған жобаны іске асыруда OAuth Egov.kz қызметі (ҰАТ АҚ)  мен интеграция, сертификаттар (ЭЦҚ), онлайн бейнені анықтау процедурасы COID қызметімен интеграцияланған Liveness KCMR), әр түрлі көздерден және операторлардан мәліметтер алу үшін әр түрлі интеграцияға негізделген балдық модель үздік және заманауи тәжірибелер арқылы қолданылды. Жалпы, бұл жоба бойынша жұмыс ақпараттық технологияларын дамытудағы маңызды кезеңге айналды және банкті жаңа сапа деңгейіне көтерді.

Бұл қызмет Қазақстанда танымал ма?

Бүгінгі таңда Қазақстанда тек 900 мың белсенді шағын бизнес бар. Олардың ішінде ғаламтормен қамту үлесіне негізделген (шамамен 70%) цифрлық қызметтердің тұтынушысы бола алатындар саны 650 мыңды құрайды. Осы цифрдан цифрлық банктік өнімдерді қолдануға дайын және қазірдің өзінде қолданып жүрген кәсіпкерлер саны – 300-350 мыңға табан тіреді.

Альфия Жексенбай, Halyk Bank-тің Шағын және орта бизнесті сату департаментінің директоры.

Halyk Bank-тің қызметін қолданатын кәсіпкерлерге арналған онлайн-шот ашу – бұл әлемдік стандарттар бойынша бірегей жоба. Жұмыс барысында көптеген жаңа технологиялық компоненттер енгізілді, беделді консультанттар, мемлекеттік онлайн қызметтер тартылды, жұмыста жаңа тәсілдер қолданылды. Техникалық бөлігінде өнім Онлайнбанк жүйесінің қолданыстағы архитектурасында жүзеге асырылғанымен, сол Egov.kz порталымен ынтымақтастық клиентті сандық сәйкестендіруге және ол туралы шот ашу процесінде қажет болатын деректерді алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Egov.kz сервисінің функционалдығын кеңінен насихаттау үшін де жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан қашықтан сапалы цифрлық қызметтерді алуға мүдделі барлық кәсіпкерлерді Halyk Bank-тің онбординг қызметін пайдалануға шақырамын.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер