Әйел ұруды қолдайтын шенеунік те бар екен

5672
Adyrna.kz Telegram

Инстаграм әлеміндегі парақшасында президентіміз Тоқаевтың кеңесшісі Мақсат СҚАҚОВ түсініксіз, әрі реніш тудыратын жазба жариялады. Білдей шенеунік деген атына мынадай жазба лайық па? Бағасын өзіңіз беріңіз оқырман.

Суретте М.Сқақов.

«Баяғыда бес бала тапқан бір өткір келіншек өте жуас, сығыр күйеуін менсінбей , бес баласын тастап, төркініне кетіп қалыпты. Сол кезде уйіне бір бұзықтау қайнысы келіп қалыпты. "Жеңешем қайда?" десе , ағасы міңгірлеп дұрыс жауап бере алмапты. Басқа жеңгелері айтып түсіндіріпті. Екі ауылдың арасы тым алыс болмаса керек, долылықпен жаяу тартқан жеңгесінің соңынан тұра қуыпты жігіт. Жетіп алып "Жеңеше, қайт" депті.Жеңешесі құлағына да қыстырмапты. "Жеңеше, қайт" депті қайталап.Жеңешесі көкірегі қайқаиған күйі алға тарта беріпті."Жеңеше, соңғы рет айтамын, жақсылықпен үйге қайт " депті жігіт. Жеңгесі тыңдар емес. "Аттың бауырына салып сабап ,алдына өңгеріп алып келіпті дағы, " қатыныңа ие бол! " деп ағасының алдына лақтырып жіберіпті.

Ертесіне күйеуі жоқ кезде, абысындары жиылып келіп, келіншектің жағдайын біліпті. "Сұрамаңдар, мен рахаттанып жатырмын депті асау келін тілі зорға қимылдап. Сорлы ау, өлейін деп жатып, рахатың не айтып тұрған ? Таяқ қата тиіп миыңа зақым келген шығар ?" деген әйелдерге " Жооқ, мен шынында да " еркектің қолы" деген қандай болатынын бірінші рет сезініп, жаным ра-хат-таныып жатыр "- деген жауап естіпті.
Әйелдің тентек болса да ақылды болғаны,
Еркектің намысты, жігерлі, отты болғаны дұрыс-ау деп қаласың осындайда».

Президент кеңесшісінің жазбасы осы. Әрине, бұл бар болғаны тәмсіл ғана. Десек те, бұл жазбаның тереңіне үңілген адамның ойына ең алдымен не келеді? «Әйелді ұру керек. Таяқ жеген әйел «рахаттанып, есін, ақылын жинайды» деген сарын байқалады емес пе? Президенттің кеңсшісі осындай дүниемен бөлісіп жатқанда, басқалар қарап қалсын ба, астына жазылған пікірлер де жаға ұстатарлық екен. Қараңыз:(пікірлер түзетілмеген күйі беріліп отыр-ред.)

sharlotta_0457

Меніңде бір келінім бар. Төркінге келіп отырғада. Әйелдер қалып әңгіме болып кетті осы ерлі зайытылар арасында. Сондағы келінімнің айтқаны”Кейде сол жұдырықты өзіміз тілеп тұрғандай,тұштаңдап ,айқайлап,ұрысып кетеміз. Сол кезде жұдырық тигенен кейін,жынының басылғандай,тыныш жайбарахат жағыдайға кіресің”деп күлдіргені бар😁👍. Өмірде ақылмен көтере білуде көрегенділік деп ойлаймын.

erlan_omirov

ƏЙЕЛ ҮШІН ЖҰМАҚ.. КҮЙЕУІНІҢ ТАБАНЫНЫҢ АСТЫНДА...

russikon1

СОНДА ҚАИНЫСЫ ЖЕҢГЕСІН САБАП ӘКЕЛІП БЕРДІМА ,

baetovamira

Нагыз еркек кайнысы.

muratbekovagulnar8

👍👍👍дұрыс өмірден алынған жағдай

dr.tomiris

Қайын інісі жеңгесін ұрғаны ерісі етіледі екен😬

zhadyra_22.12.84

Ага саламатсыз ба,тым асирелеп жиберген жоксыз ба?

jedexan

Дурыс болган екен айел адамга жын шайтан жакын журеди сондыктан анда санда айелдин шанын кагып турган дурыс ау👍

altaizhalmukan

Дұрыс айтасын

alma_mukanova1958

Дурыс екен

Бізбен тілдескен азаматтардың пікірі мынадай:

«Билікте жүрген көкелеріміз әйелді ұруды дұрыс көрсе, онда жеткен жеріміз осы болар. Бұл қалай? Әйелді ұрып, ақыл кіргізу деген не сұмдық? Сіздің әйеліңіз біреудің әлпештеп өсірген қызы емес пе? Марат Сқақовтың егер қызы болса, сол қызын қайнысы сабап, көала қойдай етсе, не істер екен? «Дұрыс, ақылын кіргіздің» деп алғыс айтар ма екен құда баласына?» деп күйінеді зейнеткер оқырманымыз Әуелхан ШОНЖАН.

«Әйелге қол көтерген еркексымақтың өзін солай сабау керек! Бұл надандық! Бұл қараңғылық! Күші тасып бара жатса, сол еркек мал тауып, отбасының жағдайын жасасыншы. Әйелге ғана шамасы жететін бейшара еркектерге жаным ашиды», дейді біз сұрау салған Жанна АДАМБЕКҚЫЗЫ.

«Әйелдің шайтанын түсіру керек дейтін осындай ұстанымдағы дүмшелер қаптады. Әйелде шайтан болса, неменеге қасында жатасың дегім келеді сондай топастарға. Дін деп шоқша сақалы шошаңдап, теке құсап селкілдеген қысқа балақты пенделердің өзі кімге ұқсайтынын ажыратып алса екен әуелі. Әйелдің жатырынан шығып, ақ сүтін еміп өсіп алып, «шайтанға» теңейтін пақырлардың жүрегінде тамшы иманы, басында бір тұтам ақылы жоқ деп санаймын!» дейді дінтанушы Айбар ҚАРАБАЙ.

Қалай десек те, әйелді таяқпен тәрбиелеуді билік өкілдерінің сөз етуі қазіргі қоғамымыздың көрінісі, сиқы демеске лаж жоқ сияқты. Сіз қалай ойлайсыз, құрметті оқырман?

Рауана ДИМАШҚЫЗЫ,

«Адырна» ұлттық порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер