Ильхам Алиев Таулы Қарабахтағы атысты тоқтатудың басты шартын атады

2594
Adyrna.kz Telegram

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Fox News-ке берген сұхбатында: Таулы Қарабақтағы жанжалды бейбіт жолмен шешуге болады, бірақ көп нәрсе армян тарапына байланысты, - деп мәлімдеген. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы  Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Сұхбат барысында Ильхам Әлиев әзірбайжан мен армяндардың соғыстан кейінгі қарым-қатынасын сипаттап берген. Оның пікірінше, тарихтан сантүрлі қанды соғыстардан кейін халықтардың бірге қатар өмір сүргендігі туралы мысал келтіруге болады.

Президент: "Германия мен АҚШ бір-бірімен жауласты. Кеңес Одағы мен Германия бір-бірімен жауласты. Ондаған миллион адам қаза тапты. Енді қараңыз, бұл туралы ешкім есінде сақтап қалмады. Бұл араздық тудырмайды. Неліктен армяндар мен әзірбайжандар Грузия, Ресей, Украина және басқа да көптеген елдердегідей Таулы Қарабақ аймағында бірге өмір сүре алмайды?"— деп атап өткен.

Сондай-ақ Әзірбайжан басшысы Қарабақтағы  қақтығысушы тараптардың құқығын бұзбай-ақ бейбітшілік  орнатуға болатынын мәлімдеді. «Бұл логикалық негізге, Әзірбайжанның аумақтық тұтастығы мен біздің еліміздегі армян халқының құқықтары мен мүдделерін толық қорғауға негізделуі керек. Менің ойымша, мұны жүзеге асыруға болады », - деп қосты Әлиев.

Бұған дейін Ильхам Әлиев Әзірбайжан Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісімге келуге дайын екенін айтқан. Оның айтуынша, Баку бұл қадамға Ереван атысты тоқтатқан жағдайда барады.

Таулы Қарабақтағы (Арцах) жағдай 27 қыркүйекте күрт нашарлаған болатын. Армения мен Әзірбайжан 18 қазан жергілікті уақыт бойынша 00:00 бойынша Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату туралы шешім қабылдады. Алайда екі жақ та ізін ала бір-бірін келісімді бұзды деп айыптады.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер