ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 65 ҚОҚЫС АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

2057
Adyrna.kz Telegram

 

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің міндетін атқарушысы Азамат Парманов мәлімдеді.

– Аудан аумағындағы 416 көп қабатты тұрғын үй аумағында 65 қоқыс алаңшасында 200 контейнер орнатылған. Бүгінде ол контейнерлердің тозығы жеткен. Аталған контейнерлерді талапқа сәйкестендіру бойынша аудандық және қалалық прокуратура тарапынан бірнеше ұсыныстар түсті. Осыған орай қоқыс алаңшалары орналасқан жер телімдеріне мемлекеттік актілер рәсімдеуге қаражат қаралып, «КазПроект» ЖШС-і тарапынан жер телімін заңдастыру жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса жаңа заманауи контейнерлер алу мақсатында бюджеттен қаржы бөлініп, «Кaz-kurylys Service» ЖШС-і тарапынан 226 дана контейнер алынды, – деді Азамат Бұхарбайұлы.

Спикердің сөзінше, қазіргі таңда «Green Line» мекемесі тарапынан Қаратау ауданындағы көп қабатты үйлердің ауласындағы күл-қоқыс жәшіктерінің қоршауларын жаңарту жұмыстары атқарылуда. Нәтижесінде, жыл соңына дейін 65 қоқыс алаңшасы жаңартылады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер