Ресей Президентінің баспасөз хатшысыДмитрий Песков Ресейдің Таулы Қарабахтағы қақтығыс бойынша орыс-түрік және орыс-әзірбайжан диалогы орыс-армян диалогы секілді жоғары деңгейде қалатынын мәлімдеді.
«Ресей Президенті Владимир Путин Таулы Қарабахтағы қақтығыс басталғалы бері Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен үш рет сөйлесті, ал Түркия мен Әзірбайжан Президенттері Тайып Ердоған және Ильхам Алиевпен неге әлі сөйлескен жоқ?» деген сұраққа: - Бұл Президенттердің жұмыс кестесі мен мақсатты түрде болуына байланысты. Өз кезегінде бұл Ресей тарапының сыртқы байланыстарында қандай да бір тапшылықты сезініп отырғанын білдірмейді» деді Песков.
Кремль өкілі Ресейдің Сыртқы істер министріСергей Лавровтың Әзірбайжан мен Түркиядағы әріптестерімен үнемі байланыста екенін атап өтті.«Сондықтан Ресей-Түрік және Ресей-Әзірбайжан диалогы, Таулы Қарабахтағы қақтығысы бойынша орыс-армян диалогы сияқты жоғары деңгейде және тұрақты түрде жүзеге асырылады», - деді Песков.
Айта кетейік, өткен жексенбіде Армения үкіметі Адам құқықтары бойынша Еуропалықсотқа (болжамға сәйкес Армения халқына қарсы соғыс қимылдарына қатысты) Түркияға қарсы уақытша шаралар қабылдауды сұрады. Сондай-ақ, бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігі Сириялық және Ливиялық содырлардың ұрыс қимылдарына қатысу үшін Таулы Қарабахтағы қақтығыс аймағына ауысуына байланысты терең алаңдаушылық білдірген еді. Өз кезегінде Франция президенті Эммануэль Макрон да Түркияның қатысуымен Сириядан Таулы Карабахқа жиһадшыл топтардың ауысқанын жариялаған болатын.
Думан Аманжолұлы