Цой Нығматулиннің сынына жауап берді

3136
Adyrna.kz Telegram

Кеше Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин медицина қызметкерлеріне өтемақыны толығымен және уақытында төлеу маңызды екенін айтып, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды сынаған еді. Бас дәрігер бұл сынға жауап берді. Назарларыңызға сын мен оған берілген жауапты ұсынамыз.

Нұрлан Нығматулин: Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған ақпарат  – сандарды сапыру 

 22 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус індететіне шалдыққан дәрігерлердің жалпы санының 14%-дан астамына ғана, сонымен бірге қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларының 13%-ға жетер-жетпесіне ғана төлем жүргізілген.

Індетке шалдыққан медицина қызметкерлері мен қайтыс болғандардың отбасыларының төлемақысына қатысты, анықтап айтқанда, төленбеу жағдайы құзырлы министрліктердің әлеуметтік бөлімдері арасында өзара іс-қимылдың жоқтығы мен ойластырылмаған қадамдарының нәтижесі. Енді қазір пандемия кезінде медицина қызметкерлерін қолдау туралы Президенттің тапсырмаларын орындау үшін барлық жіберілген олқылықтардың орнын толтыру маңызды.

Егер өткен 6 ай ішінде 2 475 өтінім берілсе, соңғы санаулы күндер ішінде 1 589 өтінім берілген. Яғни, берілген өтімдер саны 1,6 есеге артып, ал өтемақы төленген адамдар саны 2 есеге дейін өскен. Алты ай бойында барлығы 1 830 дертке шалдыққан дәрігерлер өтемақыға ие болса, ал соңғы біраз күнде 1665 дәрігерге төлемақы беріп үлгерген. Қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына өтемақы төлеу бойынша да жағдай осындай.

Сіз қазіргі жағдай талаптарына мүлдем жауап бере алмайтын 2015 жылғы бұйрықты ойланбастан көшіру арқылы жағдайды қиындатып отырғаныңызды түсінесіз бе? Осының салдарынан жергілікті жерлердегі өңірлік комиссиялар тиімді жұмыс істей алмайды. Өйткені, оларға көптеген құжаттарды қарау қажет. Адамдар ауырып, оның үстіне әлі де қалпына келе алмай жатып, 43 қосымшалар жинауы керек. Осы рәсімді жеңілдетуге болатын еді ғой. Бұны ертерек жасауға не кедерге болды? Демек, немқұрайлы қарағансыздар.

Комиссия құру кезінде де немқұрайдылық бар. 17 аймақ бойынша тек 5 қана аймақта комиссия құрылған. Ал, талап бойынша сәуір, мамыр айларында тағы – 4, маусым айында – 5 комиссия құрылу керек болатын.

Осындай маңызды мәселелерді шешуге тікелей қатысы бар – вице-премьерден бастап министрліктің әр қызметкері – әрбір санның артында қиын жағдайда жұмыс істеген, ал кейбірі жақындарынан айрылған адамдар тұрғанын түсінуге тиіс. Енді олар өздеріне тиісті ақшаны алу үшін табалдырық тоздырып, көптеген қағаздарды толтырады. Бұл – тіпті қарапайым адами көзқараспен қарағанның өзінде дұрыс қадам емес.

 

Алексей Цой: Дәрігерлерге төлем жасауға өтініш беру кезінде қиындықтар болды

Еліміз бойынша 12 830 медицина қызметкері коронавирус пен пневмания инфекциясын жұқтырды. Аймақтық комиссияларда  8333 өтініш қаралып, 5626 өтініш расталған. Төлемді 3605 қызметкер алды. Себебі, дәрігерлерге төлем жасау кезінде көптеген заң бұзушылыққа жол беріледі. Мысалы, аймақтар Денсаулық сақтау министрлігінің базасына 958 өтінішті мүлдем енгізбеген. 567 өтініш Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен қабылданбады. Соның ішінде Атырау облысының 188, Шығыс Қазақстанның 151, Алматының  97, Қызылорданың  37, Нұр-Сұлтанның 22 медицина қызметкерінің өтініштері кері қайтарылып, төлемақыдан қағылды. Төлемақы ала алмаудың ең көп айқындалғаны – науқастардың диагнозы электронды тізімде табылмаған. Сонымен қатар өткізген құжаттары толық болмаған. 265 өтініш Мемлекеттік сақтандыру қорынан (МСҚ) бас тартқаны үшін қанағаттандырылмады.

Медицина қызметкерлерінің қайтыс болуына орай берілетін  өтемақы да осындай жағдайларға байланысты берілмеген. Өңірлік комиссиялар 80 өтінішті қарап, оның 55-ін мақұлдаған. 12 өтініш Денсаулық сақтау мен Еңбек министрлігі деңгейіндегі мәліметтердің болмауынан қабылданбады.

Біз мемлекет басшысының әріптестерімізге өтемақы төлеу жөніндегі тапсырмасының сапалы орындалуына кедергі болатын бірқатар маңызды мәселелерді анықтадық және талқыладық. Аурудың өршуі маусым-шілде айларында болды. Медицина қызметкерлерінің 75 пайызы осы кезде ауырып қалды. Адам ресурсының жетіспеушілігі (көп адам ауырғасын - ред.) инфекция жағдайын уақытылы саралауға мүмкіндік бермеді.

Клиникалық хаттамалардың жиі қайта қаралуы мен (13 рет қайта қаралған) кодтау кезінде біріңғай тәсілдер болған жоқ. Мамандардың жетіспеушілігінен, жеке құжаттар мен ЖСН және банк шоттарының дұрыс берілмеуі салдарынан біраз қиындықтар туындады.

Министрлік жоғарыдағы жағдайларды шешу үшін  онлайн режимінде  істейтін жұмысшы  тобын құрды. Типтік қателіктерді талдауға арналған кеңес өткізіп, аурулардың кодталуы түсіндірілді. Осы жұмыстар  қабылданған өтініштердің санын екі есе азайтуға мүмкіндік берді.

 

Айта кетейік, медицина қызметкерлерінің мәселесі «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракциясының кеңейтілген отырысында көтерілді.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 



								



    
    
Пікірлер