Шымкент: Республикалық олимпиада жүлдегерлі марапатталды

1919
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/833391f7-db09-402e-8868-bfa299203680.jpeg
Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Дарын орталығының ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Оған Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және Дарын орталығының директоры Раушан Джеренова, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Балқан Қасымов қатысты. Шараның мақсаты – дарынды балаларды анықтауға, ынталандыруға, қолдауға, теориялық және практикалық біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік ашу. Іс-шара барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «Дарын орталығы» КММ-нің жұмысымен танысып, халықаралық ғылыми жобалардың және республикалық олимпиадалар жүлдегерлерін марапаттады. Олардың қатарында Дарын орталығының ұйымдастыруымен өткен онлайн форматтағы іс-шараларда бірінші орын алған 134 оқу орнының оқушылары бар. Сондай-ақ, іс-шара кезінде жеткіншектер өз өнерлерін көрсетіп, концерттік нөмір ұйымдастырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Комментарии