Алматылықтар ерік-жігері мен төзімділігін, бірлігін көрсете білді - Сағынтаев

2336
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұртшылықты қала күнімен құттықтады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

"Құрметті алматылықтар! Биыл Қала күні сән салтанатты түрде өтпейтін болып тұр. Барлық іс-шаралар онлайн өтеді. Пандемия бізге сақ болуды, санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жаңа толқынға дайын болуды үйретті.

Бұл нәубет адамдарды жақындастырды, құндылықтарды өзгертіп, жақынымызға жанашыр, қамқор болуға үйретті. Қазіргі қалыптасқан жағдайда адамдар дәрігер мен ұстаздың, полиция мен әскери қызметкердің еңбегін бағалай бастады. Олардың алдында бас иеміз. Алматылықтар, әдеттегідей, өздерінің ең жақсы қасиеттерін паш етіп, ерік-жігері мен төзімділігін, бірлігін көрсете білді.

Қымбатты қала тұрғындары, Сіздерді Қала күнімен құттықтаймын! Әр отбасыға зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін! Туған күніңмен, сүйікті қала!", деп жазды Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, 6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының туған күнінде Алтай Көлгінов командасы мерекелік отшашу ұйымдастырған.

"Адырна" ұлттық порталы

Фото ашық дереккөзден алынды

https://www.instagram.com/sagintayev.b/

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер