Таразда 130-дан астам қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

2759
Adyrna.kz Telegram

Тараз полицейлері азаматтық қару иелерін тексеруде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Тараз қалалық полиция басқармасының лицензиялық рұқсат беру жүйесі қызметкерлерінің жүргізген жұмысының нәтижесінде биылғы жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін есепте тұрған 4002 азаматтық қару иелерінің бар болғаны 2927-сі ғана тексеруден өткен. «133 қару иесі ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы (азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерін бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы (қаруды тіркеу тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Тараз қалалық полиция басқармасы қару иелерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық бақылау және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды», - делінген Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Департамент қару иелерін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертті.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер