85 пациентті өлтірген мейіргер сот үкіміне шағымданбақ болды

1393

85 пациентті өлтіргені үшін өмір бойынша сотталған германдық мейіргер апелляциялық шағым түсірді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ABC News-ке сілтеме жасап.

Нильс Хегель 2019 жылдың маусымында сотталған еді. Ер адам 2000-2005 жылдар аралығында Олденбург және Дельменхорст қалаларындағы ауруханаларда жұмыс жасаған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол жансақтау бөліміндегі науқастарға қауіпті екпелер салып отырған. Ал медициналық қызметкердің өзі «ауыр халде жатқандарды құтқардым» деп есептейді.

11 қыркүйекте сот қылмыскердің апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

Гегель алғаш рет 2008 жылы адам өлтіруге оқталғаны үшін сотталып, жеті жыл түрмеде отырып шыққан. Екінші рет 2015 жылы бес және одан да көп адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Осыдан кейін Гегель психиатрға 30-ға жуық кісі өлтіргенін мойындаған. Экс-мейіргердің бұл мәлімдемесі тергеуді жалғастыруға негіз берді. Нәтижесінде, оның 85 науқасты өлтіргені анықталды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы