Алматы әуежайында қылмыскерді ұстаған ер адамның кім екені анықталды

1211
Adyrna.kz Telegram

Алматы әуежайында қыз баланың орнына өзін кепілге алуды ұсынып, артынша шабуыл жасағанның қолынан пышағын тартып алған ер адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24KZ сайтына сілтеп.

Бүгін, 7 наурызда Алматы әуежайында пышақ ұстаған ер адам қызметкерді кепілге алған болатын. Оның видеосы желіде тарады.

Бейнежазбада ер адамның еденде отырған қызды шашынан ұстап тұрғанын, ал қыз баланың айқайлап жылап, көмек сұрағаны көруге болады.

Ақпаратқа сәйкес, қылмыскерді ұстаған бейбіт күннің батыры – Әбдірайым Мұса Сайранбайұлы. Ол 1973 жылы туған.

Ол туыстарын шығарып салуға барғанда оқыс оқиғаның үстінен түскен. Мұса Сайранбайұлы өзін қыз баланың орнына кепілге алуды ұсынған.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайда әйелді құтқарған ер адамға награда беруді тапсырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер