Сіз күнделік жазасыз ба?

2607
Adyrna.kz Telegram

Өзін-өзі басқарамын деушілерге күнделіктен артық көмекші табылмайды. Өйткені, күнделік жазу – өзіңе-өзің есеп берумен тең. Күнделік жүргізу үшін арнайы ережелер керек емес. Бірақ, кейбір адамдар арнайы қойын дәптер сатып алғанымен, неден бастарын білмей дал болады. Ондай жағдайда сіздерге бірнеше кеңес ұсынамыз:

Алдымен, барынша ашық болыңыз. Егер өз күнделігіңізде де өзіңізге шектеу қойсаңыз, қарапайым адаммен жасалатын диалогтан айырмасы болмайды. Жазыңыз. Біртүрлі ойларыңызды, қиялыңызды, сыртқа шығарудан жасқанатын нәрсенің барлығын жазыңыз.

Екіншіден, қағазға түсірілген және санаңызда қалған ой екі түрлі. Қағазға түсірілген ойды шындыққа айналадыруға болады. Ал, санадағы ой мың ойдың арасында жасырын қалады.

Үшіншіден, күн сайын жазыңыз. Уақытыңыз болса, бір сағатыңызды арнасаңыз болады. Ал, уақытыңыз тығыз жағдайда, 10 минуттың өзі жеткілікті.

Күнделіктің тигізер пайдасын бірнеше жақтан қарастырайық:

Психологиялық  тұрғыдан:
Адамдар өзінің ішкі әлеміне жиі үңіле бермейді. Өзіндік сараптама жұмысы өзіңізді түсінуге, сезінуге, құндылықтарды ұғынуға мүмкіндік береді. Ал, оны іске асыру үшін күнделік керек. Ол – қандай сезімдер сезінеміз, өзіміздің іс-әрекетіміздің шынайы себебін білу үшін таптырмас көмекші.

Шығармашылық тұрғыдан:
Егер жазу, сызу, сурет салу секілді жұмыстар сіздің сүйікті істеріңіздің қатарына енсе, күнделік бұл қабілеттерді жетілдіруге мүмкіндік береді. Күнделікке сүйікті заттарыңыз бен сізге шабыт сыйлайтын нәрселерді жазыңыз. Егер ылғи жағымсыз ойларды жазсаңыз, бұл бағыттан ауысыңыз.

Зияткерлік тұрғыдан:
Ойды қағазға тіркеу бұл зияткерлік қабілетті дамыту. Сіз ойыңызды тіркеген сайын, есте сақтау қабілетіңіз жетіледі.

 

 "Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер