Экс-әкімнің мүлкі қайтарылды

2614

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің тәркіленген мүлкі қайтарылды. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

 Марат Ахметжановтың сөзінше, Бергей Рысқалиевтің туыстарының мүлкіне салынған шектеулер де күшін жояды. Бас прокуратура мүліктің заңсыз баюға қатысы жоқ екенін анықтаған.

- Оның туыстарына айып тағылған жоқ. Тергеу барысында ол мүліктің заңсыз баюға қатысы жоқ екені анықталды. Екіншіден, ресми айып тағылғанға дейін шектеу салынған мүлікке шектеу алынды. Бергейдің ол мүлкі қылмыстық топ құрған кезеңде емес, одан бұрынырақ, бизнесте жүрген кезінде тіркелген, - дейді бас прокурордың орынбасары.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың қаңтарында Бергей Рысқалиев сырттай сот шешімімен 17 жылға, бауыры Аманжан Рысқали 16 жылға сотталып, мүліктері тәркіленген.

Бергей Рысқалиевке 2006 жылы қылмыстық топ құрды, Атырау облысындағы түрлі құрылыс жобаларын пайдаланып, 72 млрд теңге жымқырды деген айыптар тағылған болатын.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы