АҚШ-та Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесі іске қосылды

4957
Adyrna.kz Telegram

  АҚШ Сауда палатасы Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің іске қосылғанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы 2 қыркүйекте Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды, «Адырна» ұлттық порталы.

Cыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кеңес төрағасының міндетін Қазақстан экономикасына ірі инвестор ретінде белгілі «Шеврон» компаниясы атқарады. Аға вице-президент Хуш Чоксидің  басшылығымен кеңес хатшылығы АҚШ Сауда Палатасының бейінді аумақтық департаментінде орналасатын болады.

Жаңа ұйым АҚШ Сауда палатасының кеңейтілген платформасы арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту және тереңдету мақсатында құрылғанын атап өтті.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстанда "американдық бұрыштар" желісін – мәдени және білім беру орталықтарын кеңейтуді қаржыландыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бастаманы іске асыру үшін мекеме 2,5-50 мың долларға дейінгі көлемде 30 грант бөлуге ниетті. Грант алушылар америкалық тарап ұсынған медиа-сауаттылық, мәдени мұра, экономика және кәсіпкерлік, инновация және климат сияқты тақырыптар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

 

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер