Ел экономикасының 19,6 пайызы Алматы еншісінде

2204
Adyrna.kz Telegram

2 миллионға жуық адам тұрақты тұратын Алматы қаласы еліміздің ең ірі экономикасы саналады. Бюджетке түсетін түсімдердің 23,4 пайызы, банктердің кредиттік портфелінің 62,4 пайызы, ел ішіндегі сауда операцияларының 38 пайызы Алматыда жүзеге асырылады. Қазақстан экономикасының 19,6 пайызы Алматының еншісінде. Сонымен қатар, еліміз бойынша жұмыс істейтін халықтың шамамен 15 пайызын жұмыспен қамтамасыз етеді. Қаржы орталығы саналатын қалаға күнделікті 500 мыңға жуық адам кіріп-шығады. Сол себепті Алматы әкімдігіне экономикалық көрсеткішін жақсарта түсу мен инфрақұрылымын дамытудың түсудің маңызы зор.

Бұрынғы әкім не істеді?

Қала әкімі болып Бақытжан Сағынтаев келгенге дейін Бауыржан  Байбек халықтың жүріс-тұрысына ыңғайлы бірнеше оңтайлы шешімдер қабылдады. Оның алғашқысы – негізгі көшелерде қоғамдық көлік жолағының салынуы. Бұл өз кезегінде көлігі көп мегаполистің тұрғындарына жетер жеріне бұрынғыдан қарағанда тезірек жетуіне септігін тигізді. Көлік апаты азайды. Орталық көшелердің бойынан веложолдар ашылды. Панфилов көшесінің сырт келбеті өзгертіліп, жаяу жүргіншілерге лайықталды. Қазір бұл көше серуен құрушылар үшін өте қолайлы болып отыр.

Қала орталығында ақылы автотұрақтардың ашылуы мен барлық мекемелердің қоршауларын алып тастауы, сондай-ақ қоғамдық көліктердің «Оңай» төлем жүйесіне көшірілуі сынды жұмыстар өз тиімділігін дәлелдеді. Спорттық және мәдени нысандардың салыну да қала көркіне сән қосып, жұртшылықтың демалыс уақытын жақсы өткізуіне жағдай жасады. Атап айтсақ, елегі эпидемиологиялық жағдайды есептемегенде «Алматы-Арена», «Халық-Арена» спорттық нысандары мен «Алатау» дәстүрлі өнер театры халық игілігіне қызмет етуде.

Қазіргі әкімнің алдында қандай міндеттер бар?

Тіршілігі қыз-қыз қайнаған Алматының бас ауыртар бір тұсы – атақты «Алтын Орда» базарының тас жолы етін. Алматы қаласы мен Қарасай ауданының тұрғындарын байланыстыратын (әрі республикалық маңызды  жол – ред.) күре жол кеңейтіліп, халық биылғы жылдың соңына дейін кептеліс азабынан құтылатын болды. Мамандар «Алтын Орда» кептелісінің жоюылуын тұрғындарға жайлылығымен қатар экономикалық тиімділік әкеледі деп болжап отыр.

Қазір қала басшылығының алдында:

- шет аймағы жоқ қала;

- «ақылды» қала;

- тең мүмкіндіктер қаласы

- қауіпсіз қала;

- жаһандық іскерлік орталық

- мәдени креативті қала секілді жоспарлар бар.

Бақытжан Сағынтаев "Алматы - 2050" стратегиянсында қаланы  әлемдегі ең дамыған 100 қаланың қатарына қосатынын мәлімдеген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер