530 мың бала кезекші сыныпта білім алады

2340
Adyrna.kz Telegram

1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныпта білім алатын 530 мың бала кезекші сыныпта оқитын болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бірнеше күннен кейін жаңа оқу жылы басталады. Бүгінгі күні дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 1 қыркүйек - әдеттегідей Білім күні. 1 қыркүйектен бастап жаңа оқу жылы басталады. Өздеріңіз білетіндей, оқу жылы індетке байланысты қашықтан оқыту форматында жүргізіледі.

Бұл туралы шілдеде Үкімет отырысында шешім қабылданған еді. Әрине, біз үшін ең бастысы - балалардың және ұстаздарымыздың денсаулығы, қауіпсіздігі», - деді ол. Осы ретте министр қашықтан оқытудың екі ерекшелігіне тоқталды. «Біріншісі - кезекші сыныптардың жұмысы. 1-4 сыныптарға байланысты кезекші сыныптардың жұмысы ата-аналардың дербес шешімі, өтініштері болса ұйымдастырылады.

Екінші ерекшелік - бұл шалғайдағы ауылдардағы шағын жинақталған мектептер. Егер осы ауылдарда эпидемиологиялық ахуал жақсы болатын болса, онда бұл білім ордалары дәстүрлі форматта жұмыс істейтін болады. Сондай мүмкіндік беріп отырмыз»,- деді министр. Оның дерегінше, оқушылардың 80 пайызы немесе 2,6 млн бала қашықтан білім алады. Бастауыш сынып оқушыларының 15 пайызы немесе 530 мың баланың ата-аналары кезекші сыныпта оқытуға өтініш берген. «Қалған 5 пайыз балалар шағын жинақты дәстүрлі форматта оқитын болады. Олардың саны - 202 мың бала. Міне осындай форматта жұмысымызды бастаймыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер