Саясаткер Алексей Навальныйдың ағзасынан у табылды

2367
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік саясаткер Алексей Навальныйдың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, бірақ жүргізілген сынақтар денеде уланудың белгілерін растады. Нақты қандай улы зат екендігі әлі анықталмаған. Бірақ, клиникалық деректер холинэстераза блокаторлар тобына жататын интоксикацияны көрсететіндігін Берлиндегі Charite ауруханасында хабарлады.

Бұған дейін Германия Министрлер Кабинетінің ресми өкілі Штеффен Зайберт ашық тергеуді талап етіп: «Навальныйдың өзі кездейсоқ уланғанбаған, оны біреу уландырған деген күдік бар. Өкінішке орай, Ресейдің соңғы тарихында мұндай мысалдар көп, сондықтан халықаралық қауымдастық бұл күдікке терең мән береді» деген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 20 тамызда оппозиция қайраткері Томскіден Мәскеуге ұшып бара жатқан ұшақта өзін нашар сезініп, ұшағы Омбыға жедел қонғаннан кейін жергілікті дәрігерлер жүргізген талдаулар Навальныйдың денесінде улардың бар екендігін жоққа шығарып, «көмірсулардың тепе-теңдігі бұзылған» деген диагноз қойған болатын. Ал оппозициялық белсендінің жақтастары оның әуежайда уланған шай ішкенін алға тартып, кейін Германияға емдеуге алып кеткен.

"Адырна" ұлттық порталы 
Арнайы Euronews сайтынан аударылды

 

Пікірлер