Ресми статистикаға сенеміз бе, министрге сенеміз бе?

2601
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирустан  1058 адам қайтыс болған.  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға сілтеме жасаған "Азаттық рухы"  осындай мәлімет таратты.

«Қазақстанда қиын кезең артта қалды деп айтсақ артық болмас. Қазіргі  елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді.  Наурыз айынан бері 92 262 адамнан коронавирус белгілері анықталып, олардың 67%-ы  дертінен айығып шықты. Қазір 30 мыңға жуық адам емделуде. Өкінішке қарай, 1058 адам қайтыс болды. Коронавирус жұқтырғандар саны күн санап азайып келеді.  Ауруханаларда дәрі-дәрмек те жеткілікті», - депті Алексей Цой ОКҚ брифингінде.

Ал coronavirus2020.kz орталығының ресми статистикасында 793 адамның қайтыс болғандығы жазылып тұр. Бізге министрдің 265 адамды қайдан алғаны түсініксіз болып отыр.

Айтпақшы, қаржы жымқырды деген айыппен тергеуге алынып жатқан Олжас Әбішов өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш жазып кетіпті.

Олжас Әбішев өз еркімен қызметтен кету туралы өтінішті алдыңғы аптада жазған. Сондықтан бұл мәселе қазір қарастырылып жатқан жоқ. Егер шешім шықса, ол қызметінен босатылады", - деді Цой мырза.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер