Ресейде әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған мобильді қосымша жасалды

3352
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік IT-Rev компаниясы әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған қосымша әзірледі, деп хабарлайды Incrussia сайты. Human Radar қосымшасы радар сияқты жұмыс істейді. Ол сегіз метрге дейінгі аймақта орналасқан смартфондар мен гаджеттерді  бақылай алады.

«Екі метрге дейінгі радиустағы адаммен байланысқа түскен жағдайда, орнатылған есептегіш жағдайды жазып алады. Қолданба жеті күн ішінде қауіпті контактілерді және байланыстың күні мен уақытын көрсете отырып, соңғы 48 сағаттағы толық статистиканы көрсетеді ».

Бір жыл ішінде қосымшаларға кездесу картасын, сондай-ақ отбасының барлық мүшелерінің байланыстары туралы ақпараты бар отбасылық бақылау функциясын қосу жоспарлануда.

Бұл секілді қосымшалар қазірдің өзінде Испания, Италия, Франция, Швейцария, Дания, Латвия және Германияда қолданылады. Олардың көмегімен сіз коронавирустың таралуын бақылай аласыз.

Аяулым ӘБІЛДА

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер