Ресей Қазақстанда зымыранға қарсы радар қолданудан ресми түрде бас тартады

3160
Adyrna.kz Telegram

Ресей Федерациясының Кеңесі (парламенттің жоғарғы палатасы) Ресей мен Қазақстан арасындағы 5Н86 "Днепр" ("Узел Балхаш") радиолокациялық станциясын Ресейдің зымырандық ескерту жүйесінде пайдалану туралы келісімді жоққа шығаратын заңды мақұлдады.

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі радардан бас тартуды соңғы төрт жылда  төрт заманауи станция - Армавир, Орск, Барнаул және Иркутск қалаларында салынғандығымен, Балқаш торабының артық болып қалғандығымен түсіндірді. Келісім 2014 жылы жасалып, бір жылдан кейін ратификацияланды. Оның мерзімі 2020 жылдың 15 желтоқсанында аяқталады.

Ресейдің Ғарыш күштерінің қолбасшысы Александр Головко бұған дейін "Балқаш торабының" ресейлік тараптың меншігінде болғандықтан келісім мерзімінің соңына дейін Ресей Федерациясының аумағына әкететінін мәлімдеді. Сонымен бірге, ол Ресейдің қазақстандық радиолокациялық станцияны пайдаланудан бас тартқаннан кейін Ресей зымырандық шабуыл туралы ескерту жүйесінен деректерді Қазақстанға жіберуді жалғастыратынын айтты.

«Біздің міндеттеріміздің ішінде Қзақстанға зымырандық шабуыл туралы ақпарат беру міндеті бар, біз оны осы жылы орындаймыз. Ескертуге арналған «Крокус» деген мықты жүйе бар, ал Қазақстан үшін мұндай жүйе биыл орнатылады.

Оңғар Қабден, 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер