Жүректің таңдауы деген не?

3460
Adyrna.kz Telegram

Меніңше ар алдында өз ойың мен ісіңе деген адалдық. Жүрегіңді сатып кетпе.
Айтылуға тиіс қанша сөзді көмейде іркіп қалдық екен десейші! Қаншама рет жұртқа жағам деп жүрекке жат сөзді сөйледік те. Сосын ең дұрысы осы деп өзімізді өзіміз жұбатқансыдық. Бәлкім, кей жағдайда сол бейімделгіш мінезімізбен бірталай дауды жеңген шығармыз, бірақ жүректің түбінде бір дық қап кетті.

Сол дық басқа ырғақпен, бөтен сөзбен шыңғырып шындықты айтады. Мені де естіші, жүректі тыңда дейді. Бірақ көбіне біз пендешілікке салынып, ел не дейді деген үрейден аса алмаймыз. Жүректі сатып кетеміз. Елдің жалған мақтанын алданыш қыламыз.

Бұрын ересек адамдар ары қарай қандай жол таңдау керек дегенде жігерсіздіктен аса алмайтынын көп көруші ем. Осы нәрсе мені ойға қалдыратын. "Не істесем болады?" деген сұрақты жиі естимін. Жауап өте қарапайым: "Жүрегіңді тыңда". Бір қарағанға еш мағынасы жоқ бос сөз секілденеді. Алайда тереңіне бойласаң, не істеу қажетің анық алдыңнан тосатын шешім. Әрдайым жүректі тыңда.

Кейде жүрек бізге: "Бәрін бетіне айт" деп тұрады. Бірақ біз әрекетіміздің келтірер залалынан қорқамыз. Кей жанның өтірікке белшеден батқаны сонша, жүректің бір ғана таңдауы бүкіл өмірін құрдымға жіберуі мүмкін. Сол өмір тұтас өтіріктен тұрса, орнына шынайы өмір сүргіңіз келмей ме?
Өтіріктің айнасы шағылған кезде дымсыз қалған адам еркіндігін сезінеді. Бәлкім, содан кейін басынан талай қиындықты кешер. Жүрегіңнің әр дүрсілі еркін соқса, қиындық деген түкте емес!

Сендік жүрек қаншалықты дімкәс болса да сатып кетпегін! Жүректің әр қалауына мұқият болып, жаның құрбан болса да, оны тыңда. Шынайылықты таңдай отырып ақиқаттың жолына түсесің.
Дон Хуан айтпақшы, "Жолдың бәрі тығырыққа тірейді, алайда тек бір жолдың соғатын жүрегі бар".

Алексей Похабов,
Аударған Шынар Әбілда
"Философия мага"

Пікірлер