Бетперде - өзіңізді және отбасыңызды құтқарудың ең қарапайым тәсілі

3091
Adyrna.kz Telegram

«Нұрлы-Тау» бизнес орталығында Алматы қаласының Әлеуметтік даму департаментінің, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының қолдауымен «StopCovAlmaty» акциясы өтті.

Акцияның басталуы кезінде жедел штабтың еріктілер құрамы «Бетперде кигеніңізге рахмет!», «Спасибо что вы носите маски!» деген сөздер жазылған футболкаларымен шықты. Сондай-ақ, кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен "Alibekov" брендінің негізін қалаушы - Әлібеков Бейбітке «Бетперде тағыңыз» , «Носите маски» деген жазуы бар алғашқы стикерді тапсыруға және оны өз көлігіне жапсыруға шақырды.

Еріктілер жүргізушілердің рұқсатымен бұл жапсырмаларды көліктердің артқы терезелеріне жапсырды.

Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры  үндеуіміз естіліп қана қоймай, көрінетін болады деп үміттенеді.

"Осы акция арқылы біз қала тұрғындары мен жақындарымыздың денсаулығы үшін өзіміз жауапты екенімізді түсінуге шақырамыз. Бетперде - өзіңізді және отбасыңызды құтқарудың ең қарапайым тәсілі!", - дейді ұйымдастырушылар.

 

Асқар Гүлвира,

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер