Сәтбаев қаласында бала ұрлады деген күдікті қолға түсті

3207
Adyrna.kz Telegram

Сәтбаев қаласында бала ұрлады деген күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

23 шілде күні сағат 21.00-де Жезқазған қаласының тұрғыны Сәтпаев қ. ПБ хабарласып, 5 жасар қызының жоғалып кеткенін хабарлады.

Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің жеке құрамы мен еріктілер қатысқан іздестіру шараларының нәтижесінде бала көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен табылды. Бала қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында.

Күдікті қамауға алынды. Алайда ондаған адам оны өз қолдарына тапсыруды талап етті.

Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау органының күштері жұмылдырылды.

Қарағанды ​​облысының полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер