Мемлекеттік "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы білім беру саласындағы жемқорлықтың алдын алуға әлеуеті жете ме?

2474
Adyrna.kz Telegram

“Benediximus” компаниясының edugarden.kz, zhambyltipo.kz, eduschool.kz порталдары жайында

Жемқорлық белең алған елде қарапайым мектепке өтініш берудің өзі көк қағазбен шешіліп жатқан жағдайлар да аз емес. Осы мәселені түбімен жою үшін біраз бастамалар қолға алынды. Қазіргі таңда колледжге, мектепке, балабақшаға қабылдау бойынша электронды порталдар іске қосылған. Оның айқын дәлелі ретінде “Benediximus” компаниясының мына жобаларын атай аламыз:

Колледжге қабылдау - zhambyltipo.kz

Мектепке қабылдау - eduschool.kz

Балабақшаға қабылдау - edugarden.kz

Осы жөнінде “Адырна” ұлттық порталы мемлекеттік қызметтерді автоматтандырумен айналысатын “Benediximus” компаниясының директоры Абдешов Абзалмен сұхбат жүргізді.

- Абзал мырза, мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың артықшылықтары қандай?

- Цифрландыру біраз мәселені шешіп берері анық. Атап айтар болсақ, жемқорлықтың алдын алу. Мәселен, мектептерде, балабақшаларда орынды сатып алу фактілері көптеп тіркелген. Ал порталдарда бәрі ашық түрде жүргізіледі. Білім беру мекемлеріндегі орындар барлығына бірдей уақытта жарияланып, бірдей қолжетімді болады. Ата-аналар бөлінген орындар санын да порталдан бақылап отыра алады.

- Компания 2018 жылдан бері тұрақты түрде жұмыс жасайды. Осы уақыт аралығында халықтың цифрлық сауаттылығын көтеру мақсатында қандай шаралар өткіздіңіздер?

- Жұмысты алғаш бастағанда тұрғындар арасында хаос болды десем болады. Халық түсінбеді, кейде қарапайым пошта арқылы пароль өзгертуді білмейтін азаматтар хабарласатын. Осы кемшіліктерді ескере отырып, біз әрбір мекеме қызметкерлерін жинап арнайы оқыту курстарын жүргіздік. 2 жыл бұрынғы нәтижеге қарағанда қазір халықтың цифрлық сауаттылығы 60%-ға көтерілді.

- Сіздің компанияңыз құрастырған порталдардардың басқа жобалардан артықшылығы қандай?

- Біздің электронды порталдардың артшылығы деп мыналарды атар едім: ақпараттың баршаға қолжетімділігі, қолдануға ыңғайлылығы және порталда аналитикалық есептердің ашықтығы. Бір ғана edugarden.kz порталынан мысал келтіре кетейін. Алғашында айлық төлемақыны мөлшерден тыс алып жатқан мекемелер де кездесті. Біз осы мәселелерді ескере отырып, edugarden.kz порталында әкімнің қаулысымен бекітілген соманы көпшілікке қолжетімді етіп көрсетіп қойдық. Бұл ата-аналарға балабақша таңдар кезде ескеріп, салыстырып шешім қабылдауға септігін тигізді. Мұнда кезек те заңды жолмен жылжып отырады. Орын ашылған кезде кезегі келген бала ғана жолдама ала алады. Және ол жолдаманы уақытында (5 күн ішінде) өңдемесе, кезегі де жойылады. Ол үшін кезектегі басқа балалар зардап шекпеуі керек қой? Сонымен қатар, әрбір 3 баладан соң арнайы жеңілдігі бар балалар (мүгедектігі бар бала, әскери азаматтың баласы, т.б.) кезекке орнымен кіріктіріліп отырады. Одан бөлек, ата-аналар порталда балаларының күнделікті ас мәзірін де қарап отыра алады.

- Ендігі кезекте zhambyltipo.kz порталының ерекшеліктерін атап өтсеңіз:

- Бұл жоба Жамбыл облысындағы колледждердегі қызметтерді пайдаланудағы алғашқы әрі жалғыз жоба. Және соған қарамастан нәтижелі жұмыс көрсетіп жатыр. Оның мынадай артықшылықтарын атап өтер едім:

* Тіркелу қажет емес.

* Коллеждердегі емтихандардың барлығы осы порталда жүргізіледі

* Студент емтиханнан шекті балл жинай алмаған жағдайда, қайта тапсыру мүмкіндігі, қойылған бағаны өзгерту қатаң түрде білім бөлімінің арнайы қарастыруымен ғана жүзеге асады. Арнайы комиссия құрылады.

* Онлайн платформа ретінде сабақ жүргізуге болады

* Лекциялар жүктеліп, студент 1 апта көлемінде қайта көре алады

* Мұғаліммен тікелей чатқа шығу мүмкіндігі

* Журналға баға қойылып, сабақ кестесін де көруге болады

- Порталдарыңызда  аталған қызметтер тегін жүргізіле ме?

- Иә, әрине. Әр портал бойынша ақпараттық орталықтарымызда азаматтарға тегін консультация жүргіземіз. Порталдағы электронды қызметтер үшін колл-центр қызметі де іске қосылған. (8-707-209-10-18, 8-707-209-10-11, 8-707-209-10-38)

- Мектепке қабылдау қызметі e-gov порталында да бар. Бірақ мектептер үшін бұл өтініш жарамсыз болып есептеледі. Неге өтініштерді осы порталда ғана жүргізе бермеске?

- Себебі e-gov-та мектеппен тікелей интеграция жоқ. Ол жерде берілген өтініш тікелей мектепке түспейтіндіктен, біз e-govпен мектеп арасында байланыстырушы күш ретінде жұмыс жасаймыз. Егов пен едускулды (eduschool.kz) біріктіру үшін әлі де толықтыру жұмыстарын жасау керек. Бұл болашақтың еншісінде.

- Абзал мырза, сұхбатыңызға рақмет! Командаңыздың жұмысына табыс тілейміз!

- Рақмет!

 

        Адырна ұлттық порталы

Пікірлер