Майра Илясва: Әншілерді бағалауымыз керек

4096
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық порталының «Керек кісі» сұхбат алаңына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Майра Илисова келіп, ашық әңгіме өрбіткен болатын. Оқырмандарға осы сұхбаттың жазбаша нұсқасын ұсынамыз.

 Меруерт Түсіпбаева: Бүгін бізде қонақта «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, біздің «эстраданың анасы» деген атақ алған әнші –қазақтың Майрасы. Майра әпке, қош келдіңіз. Сізді құрметтейміз, жақсы көреміз. Мына жобаның атауы – «Керек кісі». Сіз қалай ойлайсыз, керек кісісіз бе?

Майра Илясова: Әрине, керекпін. Қазақ әндерін, домбыраны жақсы көретін, жастарға қамқорлық көрсететін «Сағындырған әндер-ай», «Жан анам» сияқты тамаша жобалары бар әнші ретінде керекпін.

 Меруерт Түсіпбаева: Елге?

 Майра Илясова: Ел сыншы ғой. Әркім өзін-өзі мақтамайды. Әлеуметтік желілерде халықтан жақсы сөз естіп жатамыз. Жақсы кісі деп айтып жатады. Алла тағаланың разылығы үшін қайырымдылық жасау керек, садақа беру керек дейді. Бірақ оны айқайлап айтудың қажеті. Алланың берген бір жақсы мінезі бар. Мен қамқорлықты жақсы көрем,  жаным ашығыш, қарттар үйіне барғанда жылап шығатын кезім болады. Балалар үйіне барғанда да, ауру сәбилерді көрсем жүрегім ауырады... Сонша қатты алдыңғы қатардағы бай адам болмасам да, қамқорлық танытамын. Қандай көрерменім тоқтатып, сұрақ қойып жатса,  тоқтап, сол кісілерді таныйтындай амандасып, барлығына жауап беруге тырысамын. Содан ба екен, «маған қарапайымсыз» деп жатады. Соған қарағанда халқыма керекпін деп ойлаймын.

 Меруерт Түсіпбаева: «Жан анам» деген жобаны бастаған кезіңізде, сіз сахнаға шықтыңыз және мен ешқашан естімеген мәліметті өз аузыңыздан естідім. Анам төрт жасмыда қайтыс болды дедіңіз. Осы кейбір анасыз өскен, жетім өскен, балалар үйінде өскен балалардың жүрегі қатайып кетіп жатады. Сіз еркелетіп анаңыз осы күнге дейін тірі жүргендей көрінесіз.  «Төрт жасымда анам қайтыс болды» дегеніңізде таң қалдым. Төрт жастағы бала есін білейтін кез ғой. Анаңыздың аялы алақанын сезінбесеңіз де, осы мейірімділік жүрегіңізде қалай сақталып қалды?

Майра Илясова: Жалпы қазақта мынадай мақал бар: «Әйел алсаң көріктіні ал, көрмей алсаң – тектіні ал» дейді. Қан да тектілікпен беріле ма деп ойлаймын. Өйткені менің анам өзі отыз жеті жасында дүниеден қайтқан. Отыз жеті жасына дейін он бір құрсақ көтерген. Он үш жасында тұрмысқа шыққан. Әкем анамнан бір мүшел үлкен. Әкем анамды өте жақсы көріпті, өзі жақсы көріп алыпты. Екеуі аз ғана өмір сүрген. Тұңғыштары ұл болған. Атын Махмұд қойыпты. Одан кейін ылғи қыз балалар дүниеге келе берген. Барлығы кішкентай кездерінде шетіней берген. Ол кезде медицина онша дамымаған, іші өтсе де, ашыған сүт ішіп қойса да, вирустардан шетіней берген. Сонда біз төрт қыз қалыппыз. Менен кейін екі сіңілім болған. Бірақ анам қайтқанда біреуі емшекте қалған, біреуі бір жастан аса қайтып кеткен. Содан үйдің төртіншісі яғни, кенжесі болып қалыппын. Үш әпкем бар. Сондықтан менің анам да әкем де өте текті адамдар болған.

Меруерт Түсіпбаева: Майра апай, егер анаңыз тірі болып, сіз ешқандай қиындық, жетімдік көрмей өссеңіз, осы дәрежеге жетер ма едіңіз? Анаңыздың  болмағандығы сізге алға ұмтылуға мотивация берді ме?

Майра Илясова: Әрине,  біз өте кішкентай кезімізде қиындық көрдік. Жетінші сыныпта әкеміз қайтыс болды. ЖОО ұстаздарымыздың бірі: -Сендер актер, әнші болуға келдіңдер. Әрі қарай өнер деген қазанға түсесіңдер. Тырмысып шетінен ары қарай шығып кеткені адам болады, - деп айтқаны есімде қалыпты. Бірінші Алла. Одан басқа менде тіреп тұрған үлкен туыс ағаларым болған жоқ. Отбасындағы төрт қыз да еңбекқормыз. Бірақ соның ішінде ең қиын жолды,  өнер жолын таңдаған мен болдым. Қиындықты көп көрдім.

Меруерт Түсіпбаева: Жаңа әпкелеріңіздің аттарын айттыңыз. Ешқандай әншіге қатысы жоқ. Неге нақты сіздің атыңызды солай қойды? Сіз атақты әнші болдыңыз.  Қалай ойлайсыз, адамның аты тағдырына із қалдыра ма?

Майра Илясова: Жас кезімде «атты ойланып қою керек, аттың қойылғанына қарай тағдыры болады» деп айтатындарға онша  түсінбейтінмін. Қазір ақыл тоқтақаннан  кейін соған көзім жетті. Менің азан шақырып қойған есімім – Махира. Оның өзі бір тарих. Аршагүл Тойбаева деген журналист мен туралы жазғанда «Махира – айдың тасқа түскен сәулесі деген мағынаны береді» деген еді. Негізі Әсия, Сания, Қайырниса (әпкелері) дегеннің бәрі құраннан алынған ат. Анам сол жас кезінен отыз жеті жасына дейін бес уақыт намаз оқыған адам.

Әкем тиіп-қашып оқиды екен. Бала кезде Махира деген атымның р әрпіне тілім келмей, өзімді «Мая» дейді екем. Кейіннен үйдегілер де  Махираға  тілі келмеді деп, Майра аталдым. Содан Қоянды жәрмеңкесіндегі Майра Уәлиқызы апамның тағдыры маған ауып, мен әнші болып кеттім.

Әлі елге таныла қоймаған кезім еді. Нұрлан Өнербаев жүргізетін концертке Света Есмұратова деген керемет режиссер апайымыздың шақыруымен келдім. Нұрланның әрбір сұрағына «Майрадан» басқа сөз айтпауға келістік:

-Атың кім?

-Майра

-Қазір қандай ән айтасың?

-Майра

-Есіміңіздің Майра екенін білем, мен әніңіздің атын сұрап тұрмын

-Майра

-Мұны кім орындайтын?

-Майраның әнін Майра яғни, мен орындаймын», - дедім. Осы диалог менің брентіме айналды.

 

Меруерт Түсіпбаева: Жаңа ел мені жақсы көреді дедіңіз. Осы жақын арада, карантин уақытында елдің неге екені белгісіз, әншілерге деген көзқарасы  өте төмендеп кетті. Сол кезде сіз  белгілі арнаға шығып,  әншілерге кішкене қолдау көрсетіп,  Ернар Айдар бауырымыз секілді лотерея ойнатып  жүрген қыздарға эстраданың анасы ретінде біраз сөздер айттыңыз.  Содан  кейін мен көп жерден оқып жүрмін, сізге де ел ауыз салып, біраз сынап пікірлер жазды. Осы «Kerek kisi» бағдарламасы арқылы елге де бір «құлақтарына алтын сырға» салып қойсам деймін. Кейде өзімізден жасы кіші бауырларымыз ауыр сөздер айтып жатады. Мен ойлаймын, қазақтың өз менталитеті бар, үлкенді сыйлап өскен халықпыз. Инстаграмда отырғандар «әй, бұл кісі менің анамнан да үлкен ғой, мен бұған «албасты» деп жазбайын, «қатын» деп жазбайын», деп өздерін ұстаса. Осындай пікірлерді қалай қабылдадыңыз?

Майра Илясова: Меруерт,  сен айтып жатырсың ғой, жазбаса екен деп.  Кімдер жазады? Мысалы, өткен жолы Абай атамыздың төрт жол өлеңін оқып, ең аяғында тобырлар мені түсінбеді дегенге келтіріп Айгүл Иманбаева  айтты ғой. Сол кезде отырған халықтардың бәрі тобыр деп сен халықты айытып отырсың ба, сен кімсің деген? Мен де айтар едім, академик ағаларымыз, жазушы ағаларымыз, ғалымдар, үлкен-үлкен шетелге барып, бүткіл дүниенің білімін алып келгендер,  фейсбукта, уатсапта, инстаграмда отырған қыздар мен жігіттер, ағаларымыз, апайларымыз,  аталарымыз, әжелеріміз ешқашан ондай  нәрсе жазбайды. Мен білем, кім жазатынын. Үйде, әке-шешесі жұмыста, өзі жұмыс істемей шемішке шағып, теледидар көріп, не білімі жоқ, не алған білімімен жұмыс істемейтін, түске дейін ұйықтайтын, кейбіреуі арақ ішіп лағып жүретін кәдімгі нағыз «тобырға» айналған адамдар әлгіндей сөзді жазады. Оған өкпелемесін. Қазір мені тыңдап отырғандар «біз тобыр емеспіз» деп ауыздарына келгенін жазады. Қыздарымыз ауыздарына келгенін айтады. Мысалы, біздің қыздарымыздың (эстрада әншілері – Г.А)  мен атын айтпай-ақ қояйын, жас кезінде үлкен тамаша азаматқа тұрысқа шығып, тағдырдың кездестіруімен қазір сәби туып, өзінен отыз жас, отыз бес жас, жиырма бес жас үлкен азаматпен тамаша өмір сүріп,  керемет тату өмір сүріп жатқан қыздар бар. Қазір соларға «ей, сен бәленбай әйелді тастатып...» деп сөйлеп жататындар бар. Ол әркімнің құқы. Отыз жас кіші болып шықса да ана азамат оны бақытты қылып отыр. Бізде ондайды түсінбейді. Сондықтан да маған «әй, Майра, сен әншілерді  немене қолдап отырсың? Ол әншілер лотереядан аферистеніп, миллиондап  ақша табуда» деп ауыздарына келгенін айтып жатыр. Сонда ол сол әншілер қандай қиындықпен, қандай өлермендікпен, таңнан кешке дейін жүріп әндерін жазып, көйлектерін тіккізіп жүр десеңші. Қазір сен әдемі көйлек киіп отырсың, ертең бір хабарға сен басқа көйлек киесің, одан кейін сен туфлиіңді де ауыстыруың керек, шашыңды жасатуың керек. Осының бәрін жинағанда керемет ақша. Оның бірін ойламайды. Сонда мен айттым, әншілерде шығын көп. Мысалы, мен өзімді айтайын. Бір көйлегіміз ең арзан дегенде мың доллар, кейде одан да асады.  Сол мың долларды «біз ақшасыз отырғанда, біз карантинде отырғанда неменеге айтып отырсың» деген сөздер айтылады.

Бірақ соның ішінен бір қараңғыдағы жарық сәулеге ұқсап бір адамдар «Майра апайға қалай ұялмай айтып отырсыз, сен Майра апайды білесің бе, сен Майра апай қандай қайырымдылық жасайды сен білесің бе, Майра апай ауруларға көмектесетінін сен білесің бе? Майра апай кішкентай сәбилерді жанды дауыспен төрт жастан бастап мектеп ашып үйретіп жатқанын сен білесің бе? Майра апай қазір бүткіл облыста жас әншілерді сүйрелеп шығарып жүр» деген сөз айтады.

Мен үшін түкке тұрмайтын,  қазір айтылып, қазір ұмтылатын нәрсе менің жүйкеме әсер етпейді. Бірақ кейде «Еее, баяғыда әлгі қайран қазағым деп күңіренген Абай ата өзінің заманынан өте ерте туған адам ғой. Хакім атамыз қандай дұрыс айтқан» деп отыратыным бар.

Серікжан Біләш деген Қытайдан келген қазақ машина айдап келе жатып сондай жаман әңгімелер айтып жатыр. Біреу оған текст жазып беріп, соны оқыған шығар деп ойладым. Егер солай болса Серікжан бір күні өзі айтар.

 Меруерт Түсіпбаева: Ол кісінің қай сөзімен келіспейсіз?

Майра Илясова: Ол кісінің барлық сөзімен келіспеймін. «Әнші- күйшілер қаптап кетті. Миғұлалар. Миғұла деген – бастарында миы жоқ ақымақ әншілер. Қазір қаптаған әншілер. Сонда кім ұшқыш болады, кім дәрігер, кім жазу жазады? Бұлардың бәрі әнші боп кетті ғой», - дейді.

Жаным-ау, саусағымен санаса бізде саусақпен ғана санайтын әнші бар. Жалпы өзіміз көп халық емеспіз. Соның ішінде бір шыққандар бар, сосын миллиондап ақша тауып жатыр дейді. Бізде бес алты миллион табатын 5-6 ғана әнші бар. Он сегіз миллионға толдық деді ме жақында?

Он тоғыз миллионның ішінен миллиондап тауып жүрген жас әншілер  – Қайрат, Төреғали, Нұрболат, Қуандық, Ерке. Ал Димаш бөлек әңгіме, бөлек әлем. Сонда бес-алты әнші миллион тауып, жағдайын жөндеп жатса айналайын халайық... Мен мақтап айтам, Қайраттың Қайрат болғаны Гүлзира анасының арқасы. Төреғалидің керемет әншілігі әкесінің арқасы. Анасы үйінде жағдайын жасап отыр.

Өкінішке орай Қуандық Рақым домбырамен айтатын әнші ретінде менің «Күміс көмей, жез таңдай» деген конкурсымның бас жүлдегері. Нұрболат Абдуллин екеуінің қалтасына бір миллион салып бергенбіз. Екеуі өздерінің еңбектерімен шықты-ау деп ойлаймын. Өйткені, ол кісілердің ата-аналарын көрген емеспіз. Баян Алагөзованың қолына түскен әншілердің барлығы миллиондап тауып жатыр.

Меніңше әншілерді бағалау керек, әншілерді жақсы көру керек. Өйткені, біз көрермендерімізді жақсы көреміз, оларды құрметтейміз. Басымыз жерге жеткенше иіліп сәлем беріп, иіліп кетеміз. Қол соққан сайын басымызды иеміз. Одан артық қандай құрмет керек. Ал енді тауып жүрген бес алты мың теңгеге келер болсақ, егер өздеріңде жоқ болса, оны көре алмай, жаман сөз айтудың керегі жоқ. Біз кейде сол ақшамызбен бөлісеміз. Қалай бөлісеміз? Садақа береміз. Спонсор боламыз, әндер жазып береміз, сатып алып береміз. Көйлектерін тіккізіп береміз. Ауылымызға көмектесеміз. Сондықтан да әншілерге  тиісуді доғару керек. Оның ішінде «шегіртке» де бар.

Меруерт Түсіпбаева: Сіз астанада өзіңіз жалғыз  тұрасыз. Тоғжанның Атырауда өз отбасы бар. Кейде күйзеліп, жалғыздықтан жалығып жаныңызда ер азаматтың болмағанына...

  - Майра Илясова: Меруерт осы жерден тоқтатайын ба? Мен жалғыз емеспін. Құдайға шүкір, төрт немерем бар. Екі әпкем бар. Өзіммен тете әпкем жақын жерге көшіп келді. Оның Алла берген он үш немересі бар. Араласып, бір-бірімізге  келіп-кетіп жатамыз.

-Меруерт Түсіпбаева: Бәрібір ол ер азаматқа жетпейді ғой. Ер азаматтық ықыласына «Маке, Майра,  ояндың ба,  жаным» деп тұратын бәрібір бір адам...

 - Сен жоқ деп ойлайсың ба? (күледі)

- Бар ма?

-Ал, мен тұрмасамда бар шығар ондай адам.

- А, міне, осылай-осылай, «Керек кісі» кейбір адамдардың құпиясын ашып тастайды....

Меруерт Түсіпбаева: Майра әпке, «Керек кiсінің» ең соңғы бір сұрағы бар. Бір ғана адамды айтасыз. Сізге керек кісі кім?

-Майра Илясова: Тоғжаным! Менің  бір тал қызым. Он ұлға татитын қызым. Ол менің немерелерім, Алтындай күйеу балам Ерлашым (Ерлан), құдаларым, екі әпкем, туыстарым. Сондықтан Тоғжаным тұрғанда менің төрт құбылам тең.

-Меруерт Түсіпбаева: Тоқсан жетінші жылы қиын-қыстау кезеңде, үй алуыма жүз доллар жетпей тұрғанда, сол ақшаны сізден алып едім. Есімнен әлі кетпейді. Шын ықыласыңыздың арқасы шығар, сонан бері анам айтпақшы, қазір үй алу хоббиіме айналып кетті. Осы бағдарламаны пайдалана отырып, алғыс ретінде мойныңызға жібек орамал тақсам деймін (Жібек орамал тақты). Қазақтың әр қызы, әр келіншегі сіздей болуға тырыссын. Аман-сау болыңыз!

Дайындаған Гүлвира Асқарқызы,

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

 

 

Пікірлер