Сотталған Ислам Әбішевтің орнына Су комитетіне жаңа төраға келді 

3747
Adyrna.kz Telegram

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бұйрығымен біраздан бері бос тұрған орынтаққа, атап айтқанда Су ресурстары комитетінің төрағасы болып Нұрлан Алдамжаров тағайындалды.

Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров 1975 жылы 12 қыркүйекте Ташкент қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Ташкент Инженерлік ирригация және механизация ауыл шаруашылығы институтын «инженер-гидротехник» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы Ташкент қаласында «Ташоблмелиоводстрой» трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының монтажнигі болып бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.

2008-2012 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекші маманы, бас маманы.

2012-2014 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басшының орынбасары.

2014-2015 жылдары — ОҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары — «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры, партиялық бақылау қызметінің басшысы. 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары — Жамбыл облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Ескерте кетейік,  Қазақ Күресі федерациясының вице-президенті Серік Түкиев пен  Су ресурстары комитетінің бұрынғы басшысы Ислам Әбішев пен «60 миллион теңгеден астам ақшаны бопсалау жолымен пара алды» деп күдікке ілінген. Серік Түкиев 4 жылға,  Әбішев 5 жылға, сотталғаны белгілі.

Еркін Қалдан,

"Адырна" ұлттық поталы

 

Пікірлер