Мәжіліс төрағасы Нығматуллин коронавирус жұқтырды

3271
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматуллин коронавирус инфекциясына байланысты оқшауланды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Елжан Біртановтың сынама қорытындысы оң нәтиже бергеннен кейін, онымен байланыста болған Нығматуллин де 16-маусым күні тест тапсырды. Өкінішке орай, қорытынды оң нәтиже көрсетті. Диагнозы – симптомсыз коронавирус инфекциясы. Ол оқшауланғанымен қашықтықтан жұмыс істеуін жалғастырып отыр. Ал 17-маусымға жоспарланған Мәжілістің пленарлық отырысын оның орынбасары өткізеді», - деп хабарланды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Нығматуллин ешкіммен байланысқа түспей, қашықтықтан жұмыс істеген. Оның оқшаулануына  9 және 11-маусымдағы «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» заң жобасын талқылау кезінде Елжан Біртановпен кездесуі себеп болыпты.

Пікірлер