Астананың көпбалалы аналары үнсіз митингке шықты

4828
Adyrna.kz Telegram

Астананың  көпбалалы аналары тағы да наразылық акциясына шықты. Олар бұл жолы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында үнсіз митинг өткізді, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

Пикетке қатысушылар медициналық бетперде киіп, оған қызыл бояумен "сөйлемейміз" деген белгі салып қойған. Көпбалалы аналар журналистерге де сұхбат беруден бас тартты.

Қала әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратовтың пікірінше, жергілкті билік пикетке шыққан әрбір анамен жеке-жеке кездесуге дайын. Түсіндіру жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіледі. Кеңесші пикетке шыққандарға баспананың не себепті берілмей жатқанын айтты.

15 әйел бірнеше плакатқа өз талаптарын жазып қойды. Соның ішінде бастапқы жарнасыз және жалдамалы баспана беру, мұқтаж халықтың кредитін кешіру сияқты нақты талаптар бар. Бұлан бөлек, көпбалалы аналар вакцинаға қарсы екенін білдірді. "Аштық жариялаймыз!" деген плакат та бар.

"Қазір Нұр-Сұлтанда үй кезегінде 46 мыңнан астам адам тұр. Бірақ бір нәрсені түсіну керек, 2008-2010 жылдардан бері үй кезегінде тұрған азаматтар бар. Олар әлі үй алған жоқ. Ал бұл кісілердің көпшілігі 2019 жылы кезекке тұрған", - деді Бабамұратов.
Оның сөзіне қарағанда, пикетке шыққан аналар "Бақытты отбасы" арқылы кредиттік баспана алуға құқылы. Бірақ оның өзі кезек бойынша беріледі.

Нұр-Сұлтан қаласында "Бақытты отбасы" бойынша 2 600-ден астам адам өтініш тапсырған. Олардың 414-і жолдама алған. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі барлығына бірдей кредит бермейді. Яғни, оның ішінен тағы артылуы мүмкін. Сонда одан кейін кезекте тұрған азаматтарға үлестіріледі. Қала әкімшілігі квотаны "Бақытты отбасы" бойынша квотаны ұлғайту мәселесін көтеріп жатыр", - деп атап көрсетті Бабамұратов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер