Балалар мерекесін атап өтті

2928
Adyrna.kz Telegram

Жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери гарнизондарына қарасты барлық әскери бөлімдерде жыл сайын ұйымдастырылады. 

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі көп бала және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған, сондай-ақ, жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қайтыс болған отбасыларды құттықтады. Одан басқа әскери қызметшілердің балаларының қатысуымен сан түрлі мәдени-шығармашылық, спорттық іс-шаралар өткізілді. Бұл – дәстүрге айналған шара.  

Биыл гарнизондарда әскери қызметшілердің балалары арасында «Біз – бақытты баламыз!» тақырыбында сурет салудан онлайн-конкурс болды. Отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Дария Досанбекова атап өткендей, қылқалам шеберлерінің сайысы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелейді, жас дарындарды анықтауға мүмкіндік береді. Сурет салудан өткен онлайн-конкурс елімізде жарияланған төтенше жағдай талаптарын сақтай отырып жүзеге асты.

Оның қорытындысы бойынша ынта-жігерімен ерекшеленген балаларға әскери бөлім командирінің тарапынан алғыс хаттар мен базарлықтар ұсынылды. 

Бұл күн кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері үшін де ерекше есте қалды. Әскери қызметшілер аниматорлармен бірігіп, жасөспірімдерді тосын сый жасап құттықтады. Тәтті тағамдар ұсынып, сыйлықтар да таратты. Жас жеткіншектер асқақ армандарына толы шарларын көк аспанға ұшырды.

«Балалар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра ұйымдастырылды. Жеткіншектерді мерекемен құттықтау шарасы әскерилер тарапынан жылдан жылға жалғасын табуда», -деп атап өтті әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Гүлнара Можикова.

Пікірлер