Туған елдің ертеңін ойлап тебіренесің бе, замандас?

4249
Adyrna.kz Telegram

"Ұлтқа қызмет ету- білімнен емес, мінезден" 

Әлихан Бөкейханов 

 Елдің ертеңі, бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Халқының ертеңін ойлар, болашағына алаңдар, жастар кәзіргі таңда бар ма?! Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің қадірін,құндылығын ұғама?! Өскелең ұрпаққа өнеге беруге дайын ба? Қанмен жеткен тәуелсіздікке қаншалықты жауапкершілікпен қарайды?! Тәуелсіздіке қанша жыл екенін біле ме?! Жастар кәзір"Тәуелсіздік күнін"күтіп,атап өте ме? Әр бір қазақ отбасы өздерінше тойлай ма? Батырларымызды біле ме? Әлде біз тәуелсіз елміз, демократиямыз деп еркіндіктің жетегінде жүр ме? Интернет желісінде жүргізген сауалнамамда тәуелсіздік күніне орай қойылған сұрақтардың көз қуантарлық нәтиже бермегені жаныма батты7 100адамның ішінен 10адамның ғана берген жауабы көкейіме қонды. Қойылған сұрақ қиын емес: 1)Тәуелсіздігімізге қанша жыл? 2)Халық қаһармандарынан кімді білесіз? 3)Сіз тәуелсіздік күнін қалай тойлайсыз? 4)Бауыржан Момышұлы кім? 5)Пулеметші Мәншүк Мәметованы танисыз ба, ол қай соғысқа қатысқан. Бұл сұрақты өзіңізге де қойып көріңізші. Жауабын білесіз бе? Сауалға қатысқанның көбі -жастар. Бірақ,  жауабын біразы білмейді. 

Әлбетте,ел ішінде халыққа жаны ашыр, елі үшін бәріне даяр ұл - қыздарымыз бар. Бірақ, мыңнан бірі. Өкінштісі - осы. Қазақстанда тұрып өз "Тәуелсіздік күнін "білмейтіндер жетерлік. " Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық. " Сол себепті, өз еліңді мақтан еткің келсе, мақтануға лайық іс-әрекет жаса. Арамызда елін жаудан қорғаған, ертеңгі ұрпағымыз аман болсын, солар елдің атын шығарсын деп, жан алысып, жан беріскен аға, әпкелерімізді білмейтін де жастар бар.

Өз елінің тарихынан сусындамаған, бірақ,сол елдің топырағында аунаған елдің ұрпақтары, ел ертеңі өсуде.

Сұм соғыста жанын емес, елін ойлаған батырлар тізімі мәңгі ел тарихында қалмақ. 449қазақстандық азамат Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Атап айтар, көкірек соғып мақтанар батырларымыз: Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы. Ұшқыш Талғат Бигелдинов. Елінің еміренген дауыснан тек ел тірегі, ер азаматтар ғана емес қазақтың қайсар, өжет қыздары да алаңға шығып, батырлығын көрсеткен. Бұл аурларымыздың аттары әрбір қыз баласына тансық дүние, үлгі алар ару жандар, олар: Аға сержант, пулеметші Мәншүк Мәметова,4-батальонының снайпері Әлия Молдағұлова, және де "Қазақстанның Халық қаһарманы" Хиуаз Доспанова. 

Жақсының аты өлмес. Қалдырған ізі өшпеген, батыр да, батыл жандарымыз аз емес. Тізімнің қатарында: Мәлік Ғабдуллин, Сағадат Нұрмағамбетов, Қасым Қайсенов, Қасым Аманжолов, Әбу Сәрсенбаев сынды аталарымыз да бар. 

Жас болса да,бас бола білген батырларымыздың аты, әрбір қазақ баласының санасында,жүрегінде әрдайым аталып жүру тиіс. Ел тірегі, ел болашағы біздің ата-бабамыздың біз үшін еңбек еткендігін,,қан төгісіп майдан кешкендігін білуі қажет. Кәзір емін-еркін, бейбіт елде өмір сүріп, кімнің арқасында" Тәуелсіз Қазақстан"болғанымызды ұмытпау керек. Өз елінің нанын жеген қазақ баласы, тарихынанда білім алып, кез-келген сәтте, кез-келген ортада, өзін қазақ ұрпағы екеніне күмәнсіз, басын тік көтеріп, кеуде соғып айта алса екен. Қарусыз майданның батыры болудан аулақ болып, ертең қазақтың тарихын баласына, ұмыт болып келе жатқан еліне, айта алса екен. Отан үшін отқа түскен батырларымызды еске алып отыру біздің міндетіміз. Бауыржан атамыз: "Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес,жүректе жатыр"-дегендей,отанға деген сезім,отан алдындағы қызмет, мансапқа емес, киімге емес, сенің еліңе деген сезіміңе,өз түйсігіңе байланысты. 

Тәуелсіздікті сақтағыңыз келсе, бірінші өзіңіз сол жайында мағлұмат алыңыз, оқыңыз жадыңызда өле-өлгенше сақтаңыз. Содан кейін өз ортаңызбен отбасыңызда жиі еске алып айтып отырыңыз. Себебі, бүгінгі күн - ертеңгі болашақтың бейнесі. Тасты тескен судың күші емес, тамшылардың үздіксіздігі. Қазақ тарихын біл, сүй, отаныңды сүй, елің үшін аянбай еңбек ет! Сен сонда ғана отан алдындағы парызыңды ақтайсың.

Таласбаева Аяжан,

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үштерек ауылы, Үштерек орта мектебінің оқушысы:

Ғылыми жетекшісі:ф.ғ.к,, доцент Жидегүл Әбдіжәділқызы

 

Пікірлер