Алматыда коронавирустан емделіп жатқан Орталық клиникалық қалалық аурухананың қызметкері қайтыс болды. Бұл туралы Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.
Аталған мекеме хабарында: "Инфекциялық стационарда Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері қайтыс болды. «Ол ауруханада лифтер болып жұмыс істеген. 16 сәуірде одан SARS CoV-2 ПТР талдау алынған болатын. Тест оң нәтиже көрсеткен соң, науқас инфекциялық стационарға ауыстырылған болатын. Қайтыс болған науқас хаттама бойынша жансақтау, яғни қарқынды терапия бөлімінде емделген болатын», - делінген.
Жүргізілген ем шараларына қарамастан полиорганды жетіспеушілік пайда болды. Қазір арнайы комиссия әйелдің қаза болуына байланысты тексеру жүргізіп жатыр.