Бас санитар Есмағамбетова індетпен күресу үшін жаңа қаулыға қол қойды (толық нұсқа)

5304
Adyrna.kz Telegram

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулыға қол қойды. Қаулының толық нұсқасын ұсынып отырмыз.

Мәдениет объектілерінің (мұражайлар, галереялар, кинотеатрлар, цирктер және т. б.) жұмыс алгоритмі

Жұмыскерлерді жеткізу/тасымалдау:

- жеке автокөлігі жоқ жұмыскерлерді қызметтік көлікпен жұмысқа және жұмыстан жеткізу. Бұл ретте жүргізушіні қолды өңдеуге арналған антисептикпен және қорғаныш құралдарымен (арнайы киім, маскалар мен қолғаптар, көзді қорғау құралдары/бет маскасы және т. б.), оларды міндетті түрде қажетті жиілікпен ауыстыра отырып, жабдықтау, сондай-ақ әрбір рейстің алдында автокөлік салонын дезинфекциялау, кейіннен желдетуді жүргізу;

- жолаушылардың кіруі және шығуы үшін автобустардың/шағын автобустардың барлық есіктерін бір мезгілде ашу;

- салонға отыратын орындардың санына сәйкес маскадағы жолаушыларды кіргізу.

Объектіге кіру рұқсаты:

- кіретін жерде жұмыскерлердің және келушілердің дене температурасын бақылау (ресепшн, күзет пункті), COVID-19 жоққа шығармайтын симптомдардың (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) болуын сұрау;

- кіреберісте, холлда, дәліздерде әрбір 50-100 м сайын, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату;

- жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін жағдайларды барынша қамтамасыз ету (карталар, телефондағы қосымша);

- алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыру (мүмкіндігінше), клиенттер жиналуы мүмкін «күту аймағын» болдырмау, келуші (клиент) мен жұмыскер арасында кемінде 1-1,5 метр қашықтықты барынша сақтауды, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайтуды қамтамасыз ету;

- ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде жобалық қуаттан 50%-ға дейін бір мезгілде жиналатын келушілерге рұқсат етіледі және көрермендерді залдарға қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтай отырып (бір креслодан кейін және т.б. отырғызу) жіберу.

Жұмыс процесін ұйымдастыру:

- аумақты таза ұстау және сақтау, қоқысты уақытында шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет «санитариялық» күн өткізу;

- үй-жайларды жинауға және қызметкерлердің қолын өңдеуге арналған дезинфекциялық құралдардың, тыныс алу органдары ЖҚҚ-ның азаймайтын (кемінде бес күндік) қорын қамтамасыз ету;

- санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды анықтау (жұмыс күні ішінде температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, салфеткаларды кәдеге жарату, жабдықтар мен инвентарды өңдеу, үй-жайларды тазалау);

- жұмыскерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу;

- қолғаптарды, маскаларды/респираторларды жұмыс күні ішінде уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;

- әрбір 2 сағат сайын жұмыс орындары мен келушілерге арналған үй-жайларды желдету;

- залдарға дезинфекция жүргізуге сеанстар арасында кемінде 30 минут үзіліс (сүйеніштерді, есіктердің тұтқаларын, креслолардың шынтақтарын сүрту), кейіннен 15 минут желдету;

- әр залдағы сеанстар санын шектеу (3-тен артық емес), қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтай отырып, көрермендерді залға жіберу (бір креслодан кейін және т. б. отырғызу);

- есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, сүйеніштерді, жанасатын беттерді (жабдықтарды, инвентарды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орындарды, тамақ ішу, демалу бөлмелерін, санитариялық тораптарды) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымына кемінде 2 рет вирулицидті әсері бар құралдармен дезинфекциялау арқылы өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау;

- профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы;

- техникалық персонал (еден жуушылар) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптар, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киіммен жүргізуі қажет;

- дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі.

- жинау инвентары (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін жақсы жуылады және арнайы бөлінген орындарда сақталады;

– жұмыс орындарында тамақ ішуге тыйым салу, тамақты тек арнайы бөлінген бөлмеде - тамақ ішуге арналған бөлмеде ішу. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, осы мақсаттар үшін дезинфекциялау құралдарының көмегімен оны күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) үй-жай бөлуды қарастыру.

 

Қызмет көрсету (аяқ киім, киім жөндеу және халыққа басқа да қызметтер) саласы объектілерінің жұмыс алгоритмі

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мына жағдайлар қамтамасыз етілген кезде қызмет көрсету саласы объектілерінің жұмысын қайта бастауға жол беріледі:

- ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілген қорғаныш құралдарының (арнайы киім, медициналық маскалар), дезинфекциялау және жуу заттарының, қолды өңдеуге арналған антисептиктердің азаймайтын қорын қамтамасыз ету.

- санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты тұлғаны анықтау (дене температурасын өлшеу, персоналға нұсқау беру, қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды тазалау);

- қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу;

-ұйымға кіргенде, дене температурасын өлшеуге арналған аппараттарды қолдана отырып, байланыссыз немесе байланыс тәсілмен (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тасымалданатын тепловизорлар) қызметкерлердің дене температурасын бақылау, ЖРВИ және тұмау белгілері бар қызметкерлерді жұмыстан шеттету мақсатында, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) оқшаулауды және жедел жәрдемді дереу шақыруды қамтамасыз ету;

- кіреберісте келушілердің қолдарын өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, телефондар мен басқа да заттарды өңдеуге арналған қызметкерлер мен клиенттерге арналған сулықтар қоры болу;

- қолғаптарды, медициналық маскаларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану (әрбір 2 сағат сайын);

- жұмыс орындарында тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату;

- оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілеуді қамтамасыз ете отырып, жұмыс орындары арасындағы 2 метрден кем емес қашықтықты мүлтіксіз сақтау;

- өндірілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін шарттарды барынша қамтамасыз ету (карталар, телефондағы қосымша);

- алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыру, клиенттер жиналуы мүмкін «күту аймағын» алып тастау, келуші (клиент) мен қызметкер арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты барынша сақтауды, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайтуды қамтамасыз ету;

- есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, жанасатын беткейлерді (үстелдерді, қызметкерлердің орындықтарын), ортақ пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вирусқа әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау);

- беткейлерді өңдеу дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған шүберекпен немесе дезинфекциялау ерітіндісін бүрку жолымен суландыру тәсілімен жүргізіледі;

- техникалық персонал (тазалаушылар) дезинфекцияны жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғаптар, медициналық маска пайдалана отырып жүргізу қажет;

- дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі;

- желдету режимін сақтауды қамтамасыз ету;

- пайдаланылған медициналық маскалар (оның ішінде түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған сулықтар) бір рет қолданылатын жинау шүберектерін пакеттерге жинайды және қалдықтарға арналған арнайы контейнерлерге салады;

- ҚТҚ жинау орындарының және аумақтың тазалығын сақтайды, қалдықтарды уақтылы шығару;

- қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және залалсыздандыру мамандандырылған ұйымдармен шарт бойынша жүргізіледі;

- тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда дезинфекциялау құралдарының көмегімен тазалауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін аймақтың бөлінуін қарастыру;

- персонал мен келушілердің белгіленген қағидаларды сақтауына және персоналмен күн сайын нұсқаулық жүргізуге жауапты тұлға тағайындалады.

 

Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдардың (қонақ үйлер, қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) жұмыс алгоритмі

Қызметкерлерді жеткізу/тасымалдау:

- жеке автокөлігі жоқ қызметкерлерді қызметтік көлікте жұмысқа және жұмыстан жеткізу. Бұл ретте жүргізушіні қолды өңдеуге арналған антисептикпен және қорғаныш құралдарымен (арнайы киім, маскалар мен қолғаптар, көзді қорғау құралдары/бет маскасы және т. б.), оларды міндетті түрде қажет етілетін жиілікпен ауыстыра отырып, жабдықтау, сондай-ақ әрбір рейстің алдында автокөлік салонын дезинфекциялау, кейіннен желдетуді жүргізу;

- жолаушылардың кіруіне және шығуына арналған автобустарда/шағын автобустарда барлық есіктердің бір мезгілдік ашылуы;

- отырғызу орындарының санына сәйкес жолаушыларды маскаларда салонға кіргізу.

Объектіге кіру рұқсаты:

- кіруде жұмысшылар мен келушілердің дене температурасын бақылау (ресепшн, күзет пункті), COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) симптомдарының болуына сұрау);

- кіреберісте, холлда, дәліздерде, әрбір 50-100 м сайын, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлер орнату;

- кіруде тепловизорларды, байланыссыз термометрлерді (ресепшн, күзет пункті және т. б.) пайдалана отырып, келушілер мен клиенттердің дене температурасын өлшеу);

- объектілердің толтырылуы жобалық қуаттан аспауы тиіс;

- өндірілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін шарттарды барынша қамтамасыз ету (карталар, телефондағы қосымша));

- алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыру (мүмкіндігінше), клиенттер жиналуы мүмкін «күту аймағын» алып тастау, келуші (клиент) мен қызметкер арасында 1-1,5 метрден кем емес қашықтықты барынша сақтауды, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайтуды қамтамасыз ету;

- барлық жаңадан келгендердің өзінде ПЦР-ның COVID 19-да теріс нәтижелері болуы тиіс (күні 7 күннен кешіктірілмей болуы тиіс).

Жұмыс процесін ұйымдастыру:

- аумақты таза ұстау және сақтау, қоқысты уақтылы шығару, аптасына 1 рет «санитариялық» күн өткізу;

- үй-жайларды жинауға және қызметкерлердің қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау құралдарының, тыныс алу органдарының ЖҚҚ азаймайтын (кемінде бес күндік) қорын қамтамасыз ету;

- санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты тұлғаны анықтау (дене температурасын өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды тазалау);

- қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу;

- желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, алдын алу тексерісін (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы;

- техникалық персонал (еден жуушылар) жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптар, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекциялау жүргізуі қажет;

- дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі.

- жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсы жуылады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды;

- қолғаптарды, маскаларды/респираторларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;

- әрбір 2 сағат сайын келушілерге арналған жұмыс орындары мен үй-жайларды желдету;

- есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, жанасатын беткейлерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды күніне кемінде 2 рет дезинфекциялай отырып ылғалды жинау;

- әрбір келуші/клиент кеткеннен кейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, бөлмені күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу;

- ем-шара көрсету кезек құрмай жазылу бойынша жүзеге асырылады;

- COVID-19 -ға күдікті адамдар үшін оқшаулағыш көздеу;

-өз қаражаты есебінен немесе эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары бойынша дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын жүргізеді.

- объектіге іргелес жатқан аумақты тәулігіне 1 реттен кем емес дезинфекциялау құралдарымен өңдейді;

- ұйымның аумағына және онда орналасқан объектілерге, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және дезинфекциялау іс-шараларын жүзеге асыратын қызметкерлердің кедергісіз кіруі қамтамасыз етіледі.

Тамақтануды ұйымдастыру

– жұмыс орындарында тамақ ішуге тыйым салынады, тек арнайы бөлінген бөлмеде ғана тамақ ішу керек. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін қол жууға арналған (ыстық және салқын су келтірілген) раковинасы бар үй-жай бөлуді көздеу;

- асханаларға тамақты қабылдау үстел арасында 1-1, 5 метр қашықтық сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

 

Әуежайлардың, темір жол және автомобиль вокзалдарының жұмыстарының алгоритмі

Әуежайлар, вокзалдар басшыларына қойылатын талаптар

- әуежайлардың, вокзалдардың жұмыс режимі - тәулік бойы;

- ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және ауа баптау жүйелеріне (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) тексеру жүргізу қажет.

Барлық үй-жайларды күніне кемінде 3 рет кемінде 15 минут жиі желдетуді қамтамасыз ету.

Ауаны желдету және ауа баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау жоспарлы профилактикалық жұмыстардың кестесіне сәйкес жүргізіледі;

- нұсқамаға жауапты адамды бекіту, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын жабдықтау және қадағалау, нұсқаманы жүргізу мерзімділігі бойынша журнал жүргізу, қорғаныш құралдарын ауыстыру және дезқұралдардың қорларын толықтыру;

- қызметкерлер арасында COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша, жеке/қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;

- COVID-19 бойынша карантин уақытында қызметкерлерге ұйымның медицина қызметкерінің қарап-тексеруі кезінде жай-күйіне сауалнама жүргізу және термометрия жүргізу, қағаз немесе электрондық тасымалдағышта тіркеу арқылы медициналық бақылауын қамтамасыз ету;

- жұмысқа шығу себептерін анықтау арқылы күн сайын мониторинг жүргізу;

- жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

- кіру кезінде жолаушыларды байланыссыз термометриямен тексеруді өзіндік қауіпсіз қызметінің жүргізуі;

- ЖРВИ және тұмау симптомдары бар адамдарды жұмысқа жіберуді болдырмау үшін, ал СОVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жоққа шығармайтын симптомдары бар адамдар үшін кіру кезінде жолаушыларжы респираторлық аурулардың симптомдарының да болуына байланыссыз термометриямен тексеру;

- объектілерде көрнекі және қолжетімді орындарда (күту залдары, ана мен бала бөлмелері) орнатылатын келушілердің қолдарын өңдеу үшін санитайзер көзделеді;

- жолаушылар болатын жерлерде жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу, еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, отырғыштарды, жолаушылардың қолдарымен жанасуын жоққа шығармайтын өзге де беткейлерді дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту;

- ұйымның аумағына және онда орналасқан объектілерге, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және дезинфекциялау іс-шараларын жүзеге асыратын қызметкерлердің кедергісіз кіруі қамтамасыз етіледі;

- өз қаражаты есебінен немесе эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары бойынша дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шаралары жүргізіледі;

- әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында ауру белгілері бар жолаушылар анықталған кезде жолаушылар болатын орындарда қорытынды дезинфекция жүргізу;

- келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздерді ұйымдастыру (ағындардың қиылысуын болдырмауды қамтамасыз ету);

- әуежайлар мен вокзалдардың ғимараттарына шығарып салушылардың кіруіне жол бермеу.

Медициналық қызмет көрсету:

- әуежайларда, вокзалдарда изоляторы бар медициналық немесе денсаулық сақтау пунктінің міндетті түрде болуы, әр ауысымға дейін және одан кейін барлық қызметкерлерді тексеруді қамтамасыз ету үшін медициналық қызметкерлердің тұрақты болуы;

- ауаны залалсыздандыру мақсатында медициналық пунктті (денсаулық сақтау пункті) және адамдар көп жиналатын орындарды кварцтау режимін қамтамасыз етеді (мүмкіндігінше);

- медициналық пункттерді қажетті дәрілік заттармен, медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен (термометрлермен, шпательмен, медициналық маскалармен және т. б.) қамтамасыз етеді;

- медициналық пункттің (денсаулық сақтау пунктінің) медицина қызметкерлерін ЖҚҚ және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етеді.

- әуежайлар, вокзалдар қызметкерлерінің денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда жедел медициналық көмек келгенге дейін медициналық пункттің изоляторына орналастыру қажет.

Әуежайлар, вокзалдар қызметкерлеріне қойылатын талаптар

- әуежайлар, вокзалдар үй-жайларында, сондай-ақ қоғамдық орындарда медициналық маскаларды міндетті түрде кию;

- халыққа қызмет көрсету орындарында (кассаларда, кетушілерді тексеру аймақтарында, ) қолғаптарды, медициналық маскаларды пайдалану арқылы жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен қызмет көрсету (әрбір 2 сағат сайын);

- жолаушыларды тіркеу, отырғызу және түсіру, билет сатып алу кезінде қорғаныш қоршауының болуы;

- қызметкерлер мен жолаушылар арасында кемінде 1 метр қашықтықты сақтау;

- тексеру қызметі (және жолаушылармен тікелей байланысатын басқа қызметтер) қызметкерлерінің басқа қызметкерлермен, әуежайлар мен вокзалдар қызметтерінің қызметкерлерімен байланысын шектеу;

- аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде (жөтел, тамақтың қызаруы, әлсіздік және т.б.) дереу әуежайдың, вокзалдың медициналық пунктіне жүгіну;

- вокзалдың, әуежайдың қызметкерінде ауруға шалдығады деген күдік болған кезде ауысымға жаңадан келуші немесе ауыстырушы қызметкер ауырған адамның жұмыс орнына дезинфекциялау жұмыстары жүргізілгеннен кейін жұмысқа кіріседі.

Келетін, кететін жолаушыларға қойылатын талаптар

- әуежайлардың, вокзалдардың үй-жайларында, сондай-ақ қоғамдық орындарда медициналық маскаларды міндетті түрде кию;

- кетушілер мен келушілердің арасында кемінде 1 метр қашықтықты сақтау;

- әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарының кіреберісінде, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін санитайзерлерді пайдалану;

- келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздерді пайдалану;

- әуежайлар мен вокзалдардың ғимараттарына шығарып салушылардың кіруіне жол бермеу.

 

 

Көктемгі егіс жұмыстарына тартылған ұйымдар мен қызметкерлердің жұмыс алгоритмі

Ауыл шаруашылығы техникасын, жұмыскерлерді жеткізу/тасымалдау:

- ауыл шаруашылығы техникасының және кәсіпорындардың ауыл (шаруа) шаруашылығы қызметкерлерінің елді мекенге оралмай, карантин аяқталғанға дейін, «Сергек блокпост» дерекқорына міндетті түрде енгізіле отырып, баруына рұқсат етіледі;

- ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мамандандырылған техникаларын қаржыландыруды, лизингті және қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдардың баруы міндетті санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «Сергек блокпост» деректер базасына міндетті түрде енгізумен қалаға қайтару құқығымен рұқсат етіледі.

- қызметкерлерді тұратын жерінен жұмысқа және жұмыстан қызметтік автобуста/автокөлікпен орталықтандырылған жеткізу, бұл ретте жүргізушіні оларды міндетті түрде талап етілетін жиілікпен ауыстыра отырып, қолды өңдеуге арналған антисептикпен және қорғаныш құралдарымен (арнайы киім, маскалар мен қолғаптар, көзді қорғау құралдары/бетке арналған маска және т. б.) жабдықтау, сондай-ақ кейіннен желдете отырып, әрбір рейстің алдында автокөлік салонына дезинфекциялау жүргізу;

- қызметкерлердің кіруі және шығуы үшін автобустарда/шағын автобустарда барлық есіктердің бір мезгілде ашылуы;

- жалпы саны отыратын орындардың санынан аспайтын жолаушалырды салонға маскамен кіргізу.

Объектіге кіру рұқсаты

- ұйым күн сайын жұмыс ауысымының алдында жұмыскердің дене температурасын байланыссыз бақылауды жүргізу немесе жұмыскердің жеке байланыс электрондық термометрін пайдалануы арқылы және ЖРВИ және тұмау симптомдары бар адамдарды жұмысқа жіберуді болдырмау үшін, ал СОVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жоққа шығармайтын симптомдары бар адамдар үшін «кіру сүзгісін» ұйымдастыру. Симптомдар болған жағдайда науқасты жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізу;

- бұқаралық іс-шараларды өткізуге және қатысуға тыйым салу.

Жұмыс процесін ұйымдастыру:

- нұсқамаға жауапты адамды бекіту, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорымен жабдықтау және қадағалау, нұсқаманы жүргізу мерзімділігі бойынша журнал жүргізу, қорғаныш құралдарын ауыстыру және дезқұралдардың қорларын толықтыру;

- қызметкерлер арасында жеке/қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;

- жұмысқа шықпау себептерін анықтау арқылы күнделікті шығу мониторинг жүргізу.

 

 

Еңбек ұжымындағы (кеңселер) эпидемияға

қарсы режим алгоритмі

Объектіге кіру рұқсаты:

- кіруде жұмысшылар мен келушілердің дене температурасын бақылау (өткізу пункті), COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жоққа шығармайтын симптомдарының болуына сұрау;

- ауру белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

- кіреберісте, сауда залдарының холлдарында, дәліздерде, әрбір 50-100 м сайын, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлер орнату;

Жұмыс процесін ұйымдастыру:

- санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты тұлғаны анықтау (дене температурасын өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды тазалау);

- қызметтік автобуста/автокөлікпен жұмысқа және жұмыстан орталықтандырылған жеткізуді ұйымдастыру;

- санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептика) қамтамасыз ету;

- қолғаптарды, маскаларды/респираторларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;

- қызметкерлер бір үй-жайда бір-бірінен 1 метрден артық қашықтықта болатын жағдайларды қамтамасыз ету (әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып);

- жұмыс орындарын антисептиктермен қамтамасыз ету;

- қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу.

Аумақты және үй-жайларды ұстау:

Объектілердің аумағы мен барлық үй-жайлар таза ұсталуы, күн сайын қоқыс пен ластан тазартылуы тиіс.

Барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен жүргізіледі және желдетіледі.

СОVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделенген кезеңде асханалар, буфет және дәретханалар күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жиналады.

Жиһазды, терезенің алдын, шкафтарды, есіктің тұтқаларын, компьютерлердің клавиатураларын (жиі жанасатын орындар) кемінде 2 рет дезинфекциялау құралымен сүрту қажет.

Дезинфекциялау жүргізу үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.

Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады.

Дезинфекциялау құралдары вирусты инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілген нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады.

Үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (тамақтанатын үстелдер, ыдыс-аяқ, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін бөлек шүберек көзделеді.

Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңі ішінде сақталады.

Дезинфекциялау құралдарын бөгде адамдарға беруге және оларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.

Беткейлерді дезинфекциялау үшін кейіннен жабатын қақпағы бар қоқыс контейнеріне кәдеге жарата отырып, бір рет қолданылатын сулықтарды (үстелдер, есік тұтқалары, кушеткалар және т. б.) пайдалану керек.

Техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізуі қажет.

Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі

 

 

СОVID-19 әкелінуі мен таралуының алдын алу жағдайына блок бекеттер қызметінің алгоритмі

1. Блок бекеттер карантин аймағына кіру және шығу пункттерінде орнатылады.

2. Тартылған ведомстволардың басшылары блок бекеті қызметкерлерін жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маскалар, қолғаптар) және антисептиктермен қамтамасыз етуі тиіс.

3. Тартылған ведомстволардың басшылары жұмыс кестесін бекітеді және блок бекетінің қызметкерлері үшін ыстық тамақтануды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

4. Блок бекетінің қызметкерлері жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті.

5. Сұрау кезінде сұралатын адам мен блок бекеті қызметкерінің арасында кемінде 1 метр қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету қажет.

6. Блок бекетте орта медицина қызметкері басқа өңірден келген адамдарға сауалнама (қағазда) жүргізеді.

Сауалнаманы келген адамдар медицина қызметкері енгізу үшін сілтеме берген жағдайда мобильдік құрылғылар арқылы өз бетінше жүргізе алады.

7. Келген адамдар қағазда немесе мобильдік қосымша арқылы сауалнаманы толтыруға міндетті. Сауалнаманы толтырудан бас тарту әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болады.

Қағазда сауалнама жүргізу кезінде блок бекеттің медицина қызметкері қағаз сауалнамалардағы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб қосымшасына (бұдан әрі – Веб қосымша) адам өңірге келгеннен кейін екі сағат ішінде енгізеді.

Мобильдік қосымшалар арқылы сауалнама жүргізу кезінде келген адамдар медицина қызметкеріне сауалнамадан сәтті өткені туралы мобилдік құрылғыдағы жазбаны көрсетуі қажет.

Өз кезегінде медицина қызметкері келген адамның электрондық форматта сауалнаманы толтырғанына және жібергеніне көз жеткізуі қажет. Сауалнаманы толтырғаннан кейін деректер Веб қосымшаға автоматты түрде жүктеледі.

8. ДСБ және АД мамандары келген адамдарды үй карантиніне орналастырған кезде олар жөнінегі ақпаратты Веб қосымшаға енгізеді.

Веб-қосымша келген адамдар жөніндегі мәліметтерді медициналық ақпараттық жүйелерге (МАЖ) береді.

9. ДСБ және (немесе) МСАК ұйымдарының мамандары үй карантиніндегі адамдарға тұрақты қоңырау (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) шалу жүргізеді.

10. СОVID-19-ға күдікті (респираторлық белгілердің болуы (жөтел, температура (сұралушының сөзінен), ентігу) адамдар, сондай-ақ эпидемиологиялық анамнезінде СОVID-19 расталған жағдаймен байланысының болуы анықталған кезде 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыру қажет.

11. СОVID-19 жоққа шығармайтын симптоматикасы бар адамдар анықталған жағдайда орта медицина қызметкері карантиндік стационарға тасымалдау үшін жедел медициналық жәрдемді шақырады.

12. Жедел жәрдем машинасы келгенге дейін науқасқа медициналық маска беру және кемінде 1 метр қашықтықты сақтау қажет.

13. Карантин аймағына кіру жергілікті атқарушы органдар берген арнайы рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады.

14. Автокөлік құралдарының жүргізушілері қозғалысты маршруттық параққа сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

15. Блок бекеттеріндегі орта медицина қызметкері бір рет қолданылатын медициналық маскаларды, қолғаптар мен халаттарды пайдаланады. Маскаларды ауыстыру әрбір 2 сағат сайын жүзеге асырылады.

 

 

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарының жұмыс алгоритмі

1. Ұйықтайтын үй-жайларда кемінде 1 метр қашықтықты сақтау үшін жағдай жасалған, бірақ әрбір жас ерекшелік тобында 15 баладан артық емес (біріккен бөбекжай және 1 кіші, 2 кіші, орта, біріктірілген үлкен және мектепке дейінгі) бір жас ерекшелік бойынша кезекші топ ашуға рұқсат етіледі.

2. Балабақшаның барлық қызметкерлері мен балалардың медициналық қызметкерінің күнделікті таңертеңгілік сүзгісін өткізу.

2. Жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар байқалған қызметкерлер мен балалар келуге жіберілмейді.

4. Учаскелік педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтамалары бар балаларды қабылдау (3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда).

5. Балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарына мынадай санаттағы адамдардың алып жүруі ұсынылмайды:

- COVID-19 расталған жағдайларымен байланысы бар;

- соңғы 14 күн ішінде жағдайлар тіркелген шет елден немесе өңірлерден келгендер;

- жүкті әйелдер;

- 65 жастан асқан адамдар;

- жіті респираторлық аурулардың белгілері бар адамдар.

6. Объектідегі персонал мен келушілердің қолын өңдеу үшін көрнекі және қолжетімді орындарда тері антисептиктері орнатылады.

7. Балалардың тамақ ішкенге дейін, көшеде серуендегеннен кейін, санитариялық торапқа барғаннан кейін және басқа да ластану жағдайларында қолын өңдеу (сұйық сабынды пайдалана отырып қолды жуу) бойынша тәрбиешінің жеке жауапкершілігі.

8. Кейіннен желдете отырып, балалар болмаған кезде топтардың үй-жайларын зарарсыздандыруды (кварцтауды) қамтамасыз ету. Желдету режимін сақтау: балалар топта болған әрбір сағат сайын 15 минуттан кем емес желдету, топта балалар болмаған жағдайда тура желдету. Желдету балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде тәрбиешінің бақылауымен жүзеге асырылады.

9. Топтарда дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есіктің тұтқаларын, баспалдақ марштарының таяныштарын, горшоктарды, сантехника жабдықтарын екі рет өңдеу (топтық үй-жайларда балалар болмаған кезде дезқұралдарды пайдалану).

10. Далада (жылы уақытта) дене шынықтыру сабақтарын және басқа да топтық сабақтарды өткізу. Ойындар үшін оқшауланған алаң болмаған жағдайда (тұрғын кешен құрамында орналастыру) серуендеуді шектеуді қамтамасыз ету.

11. Ұйықтайтын үй-жайларда ұйқы кезінде кемінде 1 метр қашықтықта балалар арасындағы қашықтықты сақтау.

12. Термометрлердің, дезинфекциялау және жуу құралдарының, антисептиктердің, жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар) жеткілікті санының болуы.

13. Ауыз су режимін сақтау (бір рет қолданылатын стакандар).

14. Балабақшада эпидемияға қарсы режимді сақтау, эпидемияға қарсы режимді сақтау мониторингі мәселелері бойынша балабақша қызметкерлерімен күнделікті нұсқама жүргізуге жауапты тұлғаны тағайындау.

15. Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген санитариялық-эпидемиялық талаптарды сақтау.

 

 

Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйым жұмысының алгоритмі

Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымға қойылатын талаптар:

- қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі сағат 07: 00-ден 19:00-ге дейін;

- нұсқамаға жауапты адамды бекіту, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорымен жабдықтау және қадағалау, нұсқаманы жүргізу мерзімділігі бойынша журнал жүргізу, қорғаныш құралдарын ауыстыру және дезқұралдардың қорларын толықтыру;

- COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын қолдану алгоритмі бойынша автопарк қызметкерлері арасында жеке/қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;

- COVID-19 бойынша карантин кезінде ұйымның медицина қызметкері ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі тексеруде жай-күйіне сұрау және термометрия жүргізу арқылы қоғамдық көлік қызметкерлерін (жүргізушілер, кондукторлар) қағаз немесе электрондық тасымалдағышта тіркей отырып, медициналық бақылауды қамтамасыз ету;

- жұмысқа шығу себептерін анықтау арқылы күнделікті мониторинг жүргізу;

- ауысым аяқталғаннан кейін қоғамдық көлік міндетті түрде дезинфекциялаудан өтуі тиіс;

- қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды қамтамасыз ету;

- жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу.

-ұйымның аумағына және онда орналасқан объектілерге, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және дезинфекциялау іс-шараларын жүзеге асыратын қызметкерлерге кедергісіз кіруді қамтамасыз етеді;

- өз қаражаты есебінен немесе эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары бойынша дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын жүргізеді.

Медициналық қызмет көрсету:

- автопарктерде изоляторы бар медициналық немесе денсаулық пунктінің міндетті болуы, әр ауысымға дейін және одан кейін барлық қызметкерлерді тексеруді қамтамасыз ету үшін медициналық қызметкерлердің тұрақты болуы;

- ауаны залалсыздандыру мақсатында медициналық пунктті (денсаулық сақтау пункті) және адамдар көп жиналатын орындарды кварцтау режимін қамтамасыз етеді (мүмкіндігінше);

- медициналық пункттерді қажетті медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен (термометрлермен, шпательдермен, медициналық маскалармен және т. б.) қамтамасыз етеді;

- медициналық пункттің (денсаулық сақтау пунктінің) медицина қызметкерлерін ЖҚҚ және дезинфекция құралдарымен қамтамасыз етед;.

- COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тесттен (полимеразды тізбекті реакция) өткендігі туралы анықтама болған жағдайда, автопарк қызметкерлерінің жұмысқа жіберілуі, екі аптада 1 рет COVID-19-ға ПТР зерттеуден өтеді;

- автопарк қызметкерлерінің жағдайы нашарлаған жағдайда жедел медициналық көмек келгенге дейін медициналық пункттің изоляторына орналастыру қажет.

Жүргізушіге, кондукторға қойылатын талаптар

- жолаушылардың кіруі және шығуы үшін автобустарда/шағын автобустарда барлық есіктердің бір мезгілде ашылуы;

- жүргізушінің жолаушыларға қатысы бойынша қоршаудың болуы;

- көлік құралын қолғаптарды, медициналық маскаларды пайдалана отырып, оларды уақтылы ауыстыру шартымен жұмыс күні ішінде басқару (әрбір 2 сағат сайын);

- тұрақ кезінде маршрут аяқталғаннан кейін көлік құралының салонын барынша желдету, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып салонды ылғалды тазалау, жолаушылардың қолымен жанасуды болдырмайтын еден, терезелер, қабырғалар, есік тұтқалары, тұтқалар, отырғыштар және өзге де беткейлерді дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдар ерітінділерімен) сүрту;

- салонда дезинфекция жүргізгеннен кейін тері антисептиктерін пайдалану;

- денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда ұйымның медицина қызметкерін дереу хабардар ету;

- қоғамдық көлікке отыруға арналған орын санынан аспайтын мөлшерде жолаушылардың кіруіне жол беріледі;

Жолаушыларға қойылатын талаптар

- жолаушылар салонға медициналық маскаларда кіру;

- жолаушылар арасында кемінде 1 метр қашықтықты сақтау.

Аялдама кешендеріне қойылатын талаптар

Аялдама кешендерін, соңғы аялдамалардағы дәретханаларды, автопарктерді өңдеу күніне кемінде 1 рет жүргізіледі.

Таксиге қойылатын талаптар

- Таксидің жеңіл көлігінің толтырылуы 2 адамнан аспауы тиіс, жүргізуші мен жолаушы бір-бірінен барынша алыс қашықтықта орналастырылады. Жүргізушілер мен кондуктор медициналық маскада жұмыс істейді және антисептиктерді пайдаланады;

- көлік құралын қолғаптарды, медициналық маскаларды пайдалана отырып, оларды уақтылы ауыстыру шартымен жұмыс күні ішінде басқару (әрбір 2 сағат сайын);

 

COVID-19-ға тестілеу алгоритмі

І. Иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген иммунохроматография әдісімен жедел тестілеу

1. Жалпы ережелер

  1. COVID-19 жедел тестілеу SARS-CoV-2 коронавирусына IgG/IgM сыныпты антиденелерді анықтай отырып, иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген иммундық-хроматография әдісімен орындалады.
  2. SARS-CoV-2 коронавирусына IgG/IgM сыныпты антиденелерді анықтауға арналған материал капилляр қанының сынамасы болып табылады.
  3. COVID-19-ға жедел тестілеуге жататын адамдар (анамнезінде ағымдағы жылғы ақпаннан бастап суық тию ауруымен ауырып сауыққан адамдар):
  4. теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер, сондай-ақ транзиттік жүргізушілер;
  5. COVID19 таралуынының алдын алу бойынша іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Кеден қызметі, әкімдіктердің қызметкерлері және басқалар);
  6. карантиндік өңірлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың (коммуналдық қызметтің, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді сататын сауда объектілерінің, жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінің, көлік, ПМК, дезинфекция қызметтерін көрсететін объектілердің қызметкерлері және т.б.) қызметкерлері эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша;
  7. ауыр созылмалы ауруына байланысты жедел амбулаториялық консультацияға мұқтаж пациенттер медициналық ұйым басшысының тізімі бойынша;
  8. тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.

4. Жедел тестілеу үшін пациенттер сәйкестендіру деректерін, тіркеу жүйесінде денсаулық жағдайына шағымдарды көрсетіле отырып, ЭДСРО АЖ-да тіркеу рәсімінен өтеді немесе медицина қызметкері өз бетінше ЭДСРО АЖ-ға енгізеді.

5. ЭДСРО АЖ-дан деректерді талдауды және өңдеуді ҚДСҰО жүргізеді және осы алгоритмнің 4-тармағын ескере отырып, кейіннен материалды алу пункттері бойынша бөліп, тестілеу өткізілетін орны, күні туралы ақпараттандыра отырып, жедел тестілеуге жататын адамдардың тізімін қалыптастырады.

6. Жедел тестілеу:

1) стационарда төсек жанында тестілеу кезінде (POСT);

2) арнайы бөлінген және жабдықталған автомобильдерде;

3) жедел медициналық көмек бригадалары немесе үйге жылжымалы мобильді бригадалар;

4) арнайы палаткаларда немесе мобильді алу пункттерінде (АП немесе мобБАП);

5) авто және теміржол өткізу жолдарында (өткізу пункттерінде);

6) осы зерттеуді ғана орындайтын арнайы бөлінген және жарақтандырылған биоматериалдарды алу пункттерінде орындалады.

7. Медицина персоналына өз бетінше тестілеуге рұқсат етіледі.

8. Биоматериалдың сынамасын алуды оқытылған медицина қызметкері жеке қорғаныш құралдарын (медициналық маска, қалпақшалар, бір рет қолданатын қолғаптар, қажет болған жағдайда бетті қорғауға арналған экрандар немесе көзілдірік, таза, стерильді емес, бір рет қолданылатын ылғалға төзімді халат) (бұдан әрі – ЖҚҚ) пайдалана отырып жүзеге асырады.

9. Биоматериал сынамасын алуға және тестілеуді өткізуге арналған құрал-саймандар мен материалдар:

1) капилляр қанын алуға арналған бір рет қолданылатын стерильді тамшуырды және буферлік ерітіндіні қамтитын жедел тест;

2) спиртті сулықтар;

3) бір рет қолдынылатын скарификатор.

10. Ауысымда биоматериалды бірінші алу алдында БАП медперсоналы қолғаптардан басқа ЖҚҚ киеді, қолды бекітілген қол жуу алгоритміне сәйкес мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді және таза бір рет қолданылатын қолғап киеді.

11. Әрбір биоматериал сынамаларын алу алдында медицина қызметкері бекітілген қол жуу алгоритміне сәйкес қолын мұқият жуады және таза бір рет қолданылатын қолғаптар киеді, алуды ЖҚҚ-да жүзеге асырады.

2. Қан алу және тестті экспресс әдіспен орындау

12. Қан алу алдында медицина қызметкері тестті орындауға қажетті құрал-саймандар мен материалдарды – скарификаторды, екі спиртті сулықты, тест жолақтарын, буферлік ерітіндіні дайындайды.

13. Тест-жолақтар қаптамадан алынады.

14. 4-ші саусақтың дистальды фалангасы спиртті сулықпен өңделеді.

15. Бір рет қолданылатын скарификатормен тесіледі, капилляр қанының үлгісі стерильді бір рет қолданылатын тамшуырдың (жиынтыққа кіретін) көмегімен алынады және жедел тест ұяшығына орналастырылады. Бұдан әрі осы ұяшыққа жиынтыққа кіретін буферлік ерітіндінің 2 тамшысы қосылады.

16. Спиртті сулықпен тесілген орын өңделеді, қажет болған жағдайда пациент қан кету толық тоқтағанға дейін оны тесу орнына қысып ұстайды.

17. Белгіленген экспозиция уақыты өткеннен кейін тестілеуді орындайтын адам нәтижені оқуды жүргізеді. Әдетте, экспозиция уақыты 15 минутты құрайды, бірақ бұл уақыттың қолданылатын тест-жүйелерге байланысты айрмасы болуы мүмкін.

18. Экспозиция уақыты таймермен белгіленеді. Экспозиция уақытын арттыруға жол берілмейді, себебі бұл жағдайда нәтиже валидті болмауы мүмкін!

19. Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері пайдаланылған скарификаторды «В» сыныпты медициналық қалдықтарға арналған ҚЖКҚ-на, пайдаланылған тест жолақтарды, тамшуырды, спиртті сулықтарды салады және пайдаланылған қолғаптарды «В» сыныпты медициналық қалдықтарға арналған сыйымдылыққа кәдеге жаратады.

20. Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері жұмыс беткейлерін (үстел, орындықтар немесе кушеткалар және т.б.) дайын дезинфекциялау ерітінділерімен «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндісін еріту режимі бар қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау режимін сақтай отырып өңдейді.

21. Күніне 2 реттен кем емес дезинфекциялау ерітіндісін қолдана отырып, «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндісін еріту режиміне сәйкес үй-жайларды ылғалды жинау (үйге шығудан басқа) және белгіленген тәртіпке сәйкес кварцтау жүргізіледі, кейіннен үй-жайды кемінде 15 минут желдетеді.

22. Жұмыс аяқталғаннан кейін медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешеді, оларды «В» сыныпты қалдықтарға арналған сыйымдылыққа салады.

23. ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін медицина қызметкері қол жуу алгоритміне сәйкес қолын сабынмен жылы сумен мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді.

24. Ауысым аяқталғаннан кейін үй-жайларда (автомобильді) «вирустық инфекциялар кезінде» дезинфекциялау ерітіндісін еріту режимімен және белгіленген тәртіпке сәйкес кварцтау жүргізеді, кейіннен үй-жайларды (автомобильді) кемінде 15 минут желдетеді.

3. Нәтижені алу кезіндегі түсіндіру және іс-әрекеттер

IgM теріс

IgG теріс

IgM оң

IgG теріс

IgMтеріс

IgG оң

IgM оң

IgG оң.

25. Зерттеу нәтижесін түсіндіру:

1) оң IgM – антиденелердің болуы, инфекцияның жіті кезеңі;

2) оң IgG - антиденелердің болуы, ауырып сауыққан;

3) оң IgM және IgG - жіті сатыдан ауырып сауыққан инфекция жағдайына өту;

4) оң C (бақылау) – реакцияның болу индикаторы, теріс нәтиже;

5) теріс С (бақылау) – үлгінің жеткіліксіз көлемі немесе тестілеу техникасының бұзылуы. Нәтиже есепке алынбайды.

26. IgM эксперсс тестінің оң нәтижесін алған кезде зерттеу жүргізген маман:

1) тестіленуші адамды COVID-19-ға күдіктің бар екендігі туралы хабардар етеді және қайтадан жедел тестілеу өткізеді;

2) қайтадан оң IgM алынған кезде медициналық ұйым басшысына немесе жауапты адамға оң нәтижелі пациент туралы хабарлайды, ол 2 сағаттың ішінде ҚР ДСМ ТКҚСҚБК аумақтық департаментін хабардар етеді;

3) қайтадан оң IgM нәтиже алынғаннан кейін бірден ПТР зерттеуге биоматериал алуды жүргізеді және пациентке ПТР тестілеу нәтижелерін алғанға дейін өзін-өзі оқшаулау қағидаларын сақтай отырып, үйде қалуға кеңес береді;

4) ПТР тестілеудің оң нәтижесін алған кезде пациент жұқпалы ауралар стационарына жатқызылады, теріс нәтиже алған кезде 14 күнге үй карантиніне жіберіледі және қоңырау шалу (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) арқылы тұратын (болатын) жері бойынша медициналық бақылауға алынады.

27. IgG жедел тестінің оң нәтижесін алған кезде:

1) эксперсс тестінің оң нәтижесін алған кезде зертханалық қызметкер тестілеу үшін биоматериал тапсырған тексерілген адамға жұқтырылған инфекцияны көрсететін антиденелердің болуына күдіктің болуы туралы хабарлайды;

2) медициналық ұйымның басшысы немесе дәрігер-эпидемиологы ҚР ДСМ ТКҚСҚБ аумақтық департаментіне зерттеу нәтижесі туралы хабарлайды;

3) тіркелген жері бойынша медициналық ұйымның учаскелік дәрігері пациентке үйде оқшаулау қажеттілігі туралы түсіндіреді және 14 күн бойы бақылауды қамтамасыз етеді.

28. Теріс нәтиже алған кезде (IgM және IgG анықталмаған) тексерілген адамға COVID-19-дың болмау ықтималдығы жоғары екендігі және қорғанудың профилактикалық шараларын сақтау қажеттілігі туралы хабарланады.

29. Барлық нәтижелер міндетті түрде ЭДСРО АЖ-ның қосымшасында тіркеледі.

ІІ. ПТР әдісімен тестілеу

1. ПТР әдісімен тестілеуге мыналар жатады:

1) СОVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылған адамдар;

2) ЖРВИ және пневмониясы бар емдеуге жатқызылған науқастар;

3) COVID-19 жұқтырғандардан 14 күнге дейін (үй карантинімен) жақын байланыс деректері анықталған кезде және карантин аяқталғаннан кейін;

4) байланыс фактісі анықталған кезде науқастармен әлеуетті байланыстар қатарындағы адамдар;

5) стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;

6) респираторлық симптомдары бар медицина қызметкерлері;

7) COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері (жұқпалы аурулар стационарлары, пульмонологиялық стационарлар (бөлімшелер), стационарлық изоляторлар (симптомсыздар үшін), карантиндік объектілер (дені сау адамдар үшін), стационарлардың қабылдау бөлмелері, амбулаториялық - емханалық ұйымдардың сүзгілері, жедел жәрдем бригадалары, ПТР диагностиканы жүзеге асыратын зертханалық мамандар, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері) айына 1 рет;

8) 50 жастан асқан тыныс алу ағзаларының, эндокриндік жүйенің (қант диабеті, метаболикалық синдром), жүрек-тамыр жүйесінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы пациенттер;

9) ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан автомобиль өткізу жолдарындағы және темір жолдағы Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келген азаматтар;

10) карантиндік изоляторға орналастырылған, шет елден авиарейспен келетін адамдар;

11) COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері;

12) медициналық-әлеуметтік мекемелердің (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және т. б.) қамқорлыққа алынғандары мен қызметкерлері бір рет, кейіннен клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша;

13) әскерге шақырылушылар;

14) шолғыншы эпидқадағалау шеңберінде;

15) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіледі.

2. COVID-19-ды анықтау үшін материал аңқа мен мұрын жұтқыншақтан бөлінетін сынама, транстрахеалдық, мұрын жұтқыншақ аспираты, мұрын шайындысы, қақырық.

3. Биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері жүзеге асырады.

4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ қолданылады.

5. Жағындылардың үлгілері пластикалық өзектегі синтетикалық материалдан (мысалы: полиэстер немесе дакрон) жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, провизорлық және карантиндік стационарларда, жұмыс орны бойынша) алынады.

6. Бір науқастан вирустық тасымалдау ортасы бар бір түтікке аңқа мен мұрыннан (2 тампоннан) алу қажет.

7. Пациенттен алынған үлгі науқастың тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алу күні және симптомдары, келген елі, науқастармен байланыс туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен сүйемелденеді.

8. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет.

9. ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, пациенттен алынған үлгілерді ҰСО филиалының зертханасына немесе басқа зертханаға тасымалдау керек.

10. Зертханаларда нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен COVID-19-дың спецификалық диагностикасы жүргізіледі.

11. COVID-19-ға тестілеу аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелері туралы жіберген ұйымға және аумақтық ТКҚСҚБД-ке хабарлау жүргізіледі.

12. Оң нәтиже анықталған жағдайда қосымша аумақтық ТКҚСҚБД-ке шұғыл хабарлама ресімделеді.

13. Тестілеу жүргізетін зертханалар ТКҚСҚБД-не белгіленген нысанға және жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есеп береді.

14. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, үлгілерге ДДСҰ валидациялаған тест-жүйелерінде ПТР реал-тайм әдісімен референттік тестілеу және референттік тестілеудің нәтижелері туралы аумақтық ТКҚСҚБД-не хабарлауды жүргізеді.

15. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы СОVID-19 зертханалық зерттеулерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында ISO 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» ISO 17043-2013 талаптарына, сондай-ақ ДДСҰ-ның Сапаны сыртқы бағалау ұлттық бағдарламаларын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарына сәйкес үлгілерді қайта тестілеуге және зертханааралық салыстыру сынақтарына (кәсіптік тестілеуге), оның ішінде ДДСҰ-мен ынтымақтастықтағы зертханаға жіберген ұйымға есеп бере отырып, өткен айдағы 10% оң және 5% теріс үлгілерге қайта тестілеу (сапаны сыртқы бақылау нысаны) жүргізеді.

16. Халықтың жабық ұйымдастырылған топтарында халықты тестілеу топтарын кеңейту қажет болған жағдайда пулға диагностикалық тестілеуді біріктіру жолымен скринингтік зерттеулер жүргізуге жол беріледі.

17. Талдаудың сезімталдығын төмендетуге жол бермеу мақсатында халықтың скринингі үшін пулға диагностикалық тестілерді біріктіру 3-5 үлгіден артық емес ерітуде тестілеуді біріктіруге жол беріледі.

18. Зертханалық скрининг кезінде диагностикалық тестілеу жүргізу және пулға біріктіруді кеңейтуді қатаң түрде валидацияланған әдістеме және сезімталдықтың төмендеуіне жол бермеу негізінде жүргізу керек.

19. Диагностикалық тестілерді пулға біріктіруге нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісі кезінде және нуклеин қышқылдарының автоматтандырылған экстракциясын сақтаған кезде ғана жол беріледі.

20. Пулирлеу биологиялық қауіпсіздік талаптары, үлгілерді вортекстеу және пулды 500 мкл көлемінде қалыптастыру және пулды тиісті сәйкестендіру рәсімдері сақтала отырып жүргізіледі.

21. Диагностикалық пулда оң нәтижелер алынған жағдайда пулға біріктірілген әрбір үлгінің жеке диагностикасы жүргізіледі.

ІІІ. SARS CoV-2 вирустарының молекулалық-генетикалық мониторингі

1. Патогендердің генетикалық вариабелділігін, олардың таралуын және пайда болуын мониторингілеу үшін екінші буынды секвенирлеу әдісін пайдалану, диагностикалық тесттерді қоса алғанда, медициналық контрмерлердің тиімділігіне әсер етуі мүмкін.

2. Вирусты толық геномды секвенирлеу ҚР ДСМ айқындалған зертханаларда жүргізіледі.

3. Секвенирлеу нәтижелері ҚР ДСМ-ге жіберіледі және COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін қолданылады.

Қазақстан Республикасының

 

 

COVID-19 пандемиясы кезінде профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу бойынша алгоритм

1. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінің алынуына байланысты 2020 жылғы 11 мамырдан бастап жоспарлы профилактикалық егулер жүргізу қайта басталсын.

2. Толықтырылатын вакцинациялауды жүргізу үшін вакцинацияның бастапқы сериясындағы жоспарлы егулерді өткізіп алған 1 жасқа дейінгі, балалар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша вакцинация басым топ болып табылады.

3. COVID-19-ға қатысты мәртебесіне байланысты адамдарды вакцинациялау:

- COVID-19 диагнозы белгіленген пациенттер «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына (бұдан әрі – №2295 қаулы) сәйкес толық клиникалық сауыққаннан кейін вакцинациялануы тиіс;

- COVID-19 науқастарымен жақын және ықтимал байланыста болған адамдар карантин (оқшаулау) мерзімі аяқталғаннан кейін және №2295 қаулыға сәйкес профилактикалық егуді жүргізуге қарсы көрсетілімдер болмағанда мүмкіндігінше тез арада егіледі.

Бұл ретте адамдардың осы санаты вакцинацияға келген басқа адамдардан бөлек егілуі тиіс.

4. Профилактикалық егулерді алу мақсатында медициналық мекемеге барған кезде адамдар медициналық қорғаныш маскасын киюі тиіс.

5. COVID-19 тіркелген және респираторлық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық кезеңінде халықты жоспарлы иммундауды ұйымдастыру кезінде:

- карантин кезеңінде профилактикалық егу жүргізуді өткізіп алған барлық адамдарды қоса алғанда, вакцинациялауға жататын адамдардың тізімін жасауды қамтамасыз ету;

- вакцинациялауға жататын адамдарды егуге алдын ала шақыруды ұйымдастыру, бұл ретте емханаға бару кезінде уақыт интервалдарын және физикалық қашықтық шараларын сақтауды (дәрігерлердің қабылдау кабинетінде, егу кабинетінде, дәлізде) қамтамасыз ету;

- жеке жақсы желдетілетін үй-жай бөлу, онда вакцинацияланған балалар мен оларды алып жүретін адамдар физикалық қашықтық талаптарын сақтай отырып, вакцинациядан кейін 30 минут бойы болуы тиіс;

«Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығына (бұдан әрі - № 361 бұйрық) сәйкес вакцинациялауға қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, вакцинациялау жүргізу;

- ауруына байланысты және басқа себептер бойынша дәрігердің қабылдауына келген науқастардан профилактикалық егулер алатын адамдардың бөлек ағымын қамтамасыз ету;

- балаларды қабылдау және вакцинациялау үшін жеке сағаттар және тәуекел тобындағы адамдарды (СОVID-19, байланыста болған, қарт адамдар, созылмалы аурулары бар адамдар) қабылдау және вакцинациялау үшін жеке сағаттар бөлу жөнінде шаралар қабылдау;

- вакцинация алу кезінде еріп жүретін адамдардың санын шектеу: 1 егілетін адамды алып жүру үшін 1 адамнан артық емес.

6. Профилактикалық егулер арнайы жабдықталған егу кабинеттерінде медицина қызметкерлері № 361 бұйрықтың талаптарына сәйкес талаптарды сақтай отырып жүргізеді.

7. COVID-19 және респираторлық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық кезеңінде емханаға кіретін жерде:

- байланыссыз термометрияны қамтамасыз ететін сүзгі орнату және COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдардың болуына сауалнама жүргізу;

- келушілердің қолын өңдеуге арналған санитайзерлер орнату;

- ауру белгілері бар адамдар анықталған жағдайда олар үшін маскалар беруді, күту және дәрігердің қарауы үшін жеке үй-жайды қарастыру қажет; бұл пациенттерге қызмет көрсету кезінде басымдылық берілуі тиіс.

8. Емхана ғимаратында қолжетімді орындарда COVID-19 профилактикасы үшін қол гигиенасын сақтау қажеттілігі туралы ақпарат орналастыру, COVID-19 профилактикасы шаралары бойынша көрнекі құралдарды таратуды қарастыру.

9. Медицина қызметкерлері мен халық үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде шаралар қабылдау:

- емхананың әрбір келушісі ықтимал қауіпті ретінде ескерілуі тиіс, осыған байланысты медицина қызметкерлерін респираторлық инфекциялардан қорғау шараларын сақтау қажет;

- егу кабинеттерінде медицина қызметкерлерінің жеке гигиенасын сақтау үшін жағдай жасау, сондай-ақ келушілердің қол жууына жағдай жасау;

- халық үшін қолжетімді орындарда медициналық қалдықтарды (пайдаланылған маскалар, қолғаптар, сулықтар және т.б.) қауіпсіз жинау және кәдеге жарату үшін контейнерлер орнату.

10. Егер вакцинаның кезекті дозасын енгізу қандай да бір себеппен кешіктірілсе, вакцинацияны қайтадан бастаудың қажеті жоқ, вакцинаның келесі дозасын мүмкіндігінше тезірек енгізу қажет.

12. Вакциналарды енгізу арасындағы аралық № 361 бұйрықтың талаптарына сәйкес сақталады: егер вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттар бір күні енгізілмесе, тірі вакциналарды енгізу арасындағы аралық кемінде төрт апта сақталады; тірі және инактивацияланған вакциналарды енгізу арасындағы аралық сақталмайды.

13. Қазіргі уақытта COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды және COVID-19 жағдайларымен байланыста болған адамдарды вакцинациялау үшін белгілі медициналық қарсы көрсетілімдер жоқ, сондай-ақ вакцинациялау кезінде балалардың COVID-19-ды жұқтыру қаупінің артуы немесе вакцинацияның ауру ағымына әсері туралы деректер жоқ, яғни COVID-19-бен ауырып жазылған адамдар және клиникалық белгілері жоқ байланыста болған адамдар әдеттегідей вакцинацияланады.

Пікірлер