Белгілі заңгер Абзал Құспан митингілер туралы заңға пікірін білдірді

489

Заңгер бұл заңды дайындау барысында бірқатар кемшіліктердің болғанын, ол туралы баспасөз бен әлеуметтік желілерде жариялағанын айтты. Алайда ол Евгени Жовтис бастаған бір топ мамандардың жаңа заңның ішіндегі «шет елдік және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанда митингіге шыға алмайтынына байланысты нормаға» байктот жариялауына (Бұл норма Еуропа мен халықаралық шарттардың адам құқықтары жөніндегі бөлімге сәйкес келмейді дегенді айтқан) келісе алмайтынын жеткізді. Заңгер бізге еліміздің тұтастығы қажет екенін айтып, халықаралық нормаларға мысал да келтірді.

Абзал Құспан заң жобасының қазіргі қолданыстағы Конституция талаптарына сай келетіндігі жөнінде:

-           Біріншіден, қолданыстағы конституцияның 32-бабында митингілерге қатысты  «ҚР азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы» делінеді. Яғни, бұл жерде ешқандай альтернатива норма жоқ. Қазақстан Республикасының адамдарына берілген айрықша құқық екенін ескерткім келеді.

Екіншіден, кез келген елде халықаралық шарттардан бөлек, өздерінің ұлттық заңнамасы болады. Ол заңнаманың халықаралық шарттардан белгілі бір ерекшелігі бар. Мысал айтайын. Ресейдің «Ночные волки» деген байкерлер қоғамы бірнеше жыл көлемінде Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісті сылтау қылып, жеңісті Берлинге барып тойлаймыз деген мақсатпен бірнеше елдің территориясын басып шерулер (автобуспен, мотоциклмен) ұйымдастырып келе жатыр. Бірақ олар бірнеше жыл қатарынан Еуроодақтың территориясына кіре алмай келеді. «Ночные волкидың» Польшадан бастап әрі қарай өтуіне тиым салынған. Өйткені, олардың мақсаты – станилизмді насихаттау, Кеңес үкіметін насихаттау, орыс ұлтшылдығын насихаттау. Бұл –  Европа елдерінің ұстанымына қарама қайшы. Ол елдер өздерінің ұстанымдарына қарсы бейбіт жиынға рұқсат беру былай тұрсын, өз территорияларына кіргізбей келе жатыр. Осыған байланысты Ресейдің Сыртқы істер министрлігінен бастап әртүрлі ведмоство басшылары мен саясаткерлері негативті пікірлерін білдіруде - деді.

Заңгер Қазақстанға қатысты да мысал келтірді.

«1991 жылы Орал қаласында жергілікті казактар мен Ресейдің көптеген облыстарынан казачество өкілдері келіп, Орал казачествосының Ресей императорына 300 жылдығын  тойлауға ниет білдірді. Сол кезде өте үлкен деңгейде болуы мүмкін халықаралық жанжалдың алды алынды. «Азат» партиясы өте үлкен жұмыс жасап, ұлтаралық шиеленістің алдын алды.

Егер біз Қазақстан азаматты жоқ адамдарға митигіге шығуға рұқсат беріп қоятын болсақ, осындай жағдайдың қайталанбасына кім кепіл бола алады?

Осыған байланысты заңгер ретінде де, қоғам белсендісі ретінде де заңдағы норманы қолдауға шақырамын» - деді Абзал Құспан.

"Адырна" ұлттық порталы

https://www.youtube.com/watch?feature=youtu.be&v=TMRhybpB3wQ&app=desktop

Пікірлер
Редакция таңдауы