Бүгін Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, қаулының №1 қосымшасы: «14.10. Мұқтаж және зардап шеккен адамдарға волонтерлік көмек көрсететін қайырымдылық қорлары (ұйым әділет органдарына тіркелген жағдайда), деген тармақпен толықты.
№2 қосымшаның 2.19. тармағы: «көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы, сондай ақ, ара шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, оны растайтын мемлекеттік тіркеу куәлікті (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, жеке кәсіпкер), жеке куәлікті, сондай-ақ, жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтамасын (мөрімен кәуландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде және олардың көліктері», деген тармақпен ал, №3 қосымшасы «21. «Қазтелерадио» АҚ» деген тармақпен толықтырылды.
Аталған қаулы 2020 жылғы 22 сәуірден қолданысқа енгізілді.
Қаулымен «Shymkent.gov.kz» ресми сайтының «COVID-19» айдарына кіріп, танысуға болады.
Шымкент