Ербол Садыр: Коронавирусқа қарсы шаралар күшеюде

2768
Adyrna.kz Telegram

Коронавирустық инфекцияға қарсы күрес шаралары бойынша Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен баспасөз брифингі өтіп, қаладағы жағдай егжей-тегжейлі айтылды.

Шымкент қаласы бойынша карантиндік азаматтарды қабылдау үшін жұқпалы аурулар ауруханасы және 2 провизорлық стационар жұмыс істейді. Бұған қоса басқа қаладан және шетелден келуші азаматтарды орналастыру үшін №2 Оңалту орталығынан және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне қарасты №4 және №5 жатақхана базасында қосымша 3 карантиндік стационар ашылды.

Шымкент қаласы бойынша 21 сәуірде "COVID-19" инфекциясының 11 жағдайы тіркелді. Инфекция анықталған 10 азамат төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері. Олар алдын инфекция анықталған ТЖД-де жұмыс істейтін 1977 жылғы азаматпен жақын қарым-қатынаста болуына байланысты, стационарлық карантинге оқшауланған еді. Бұл азаматтар 1983 ж., 1987ж., 2 азамат 1990 ж., 1988 ж., 1973 ж., 1993 ж., 1994 ж., 1997 ж., 1976 ж., 1995 жылғы. Олардың арасында 9 ер кісі, 2-еуі әйел.
Сондай-ақ, коранавирус инфекциясы Македония Республикасынан келген 1998 жылы туған азаматтан анықталды. Науқас ЖРВИ-мен ауырып, жедел жәрдемге шағымданған. Кейін 103-қызметімен инфекциялық ауруханаға жеткізілген.
Бұл науқастарда диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша ПТР-диагностика әдісімен «COVID-19» диагнозы нақтыланды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес, тиісті емдеу жүргізіледі. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды. "COVID-19" ауыратын науқастар тіркелген ошақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Шымкент қаласында  «COVID-19» бойынша 103 жағдай тіркелген. Ауырғандардың жас санаттары бойынша 3 жасқа дейінгі балалар - 4 (3,8%), 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 10 (9,7%), 18-55 жас аралығындағылар –  79 (75,7%), 55 жастан асқандар – 10 (9,7%). Ерлер - 47 (45,6%), әйелдер – 56 (54,4%), оның ішінде балалар – 14 (13,5%). 103 оқиға – 6 әкелінген (5,8%), 11 – Жергілікті (10,7%), 86 – байланыстағы (83,5%).

Барлығы 659 адам карантиндік және провизорлық стационарларға жатқызылды. Эпидемиологиялық маусымда мониторингте барлығы 1592 азамат болды, оның 646-сы бақылаудан алынды. Қазір мониторингте 946 азамат бақылауда.

20 сәуір күні коронавирус инфекциясынан 4 азамат жазылып, ауруханаадан шығарылды. Оның 3-еуі бір отбасының мүшелері. Сауығып кеткендер - 1972 жылы, 1996 жылы туған азаматша және қауіпті вирусты жұқтырған екі аййлық сәби дертінен сауығып шықты.
Сондай-ақ Түркістан облысынан 6 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 1972 жылы туған азамат ауыр халде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған еді. Бір апта бойы дәрігерлер реанимация бөлімінде болған науқастың өмірі үшін күресіп, оң нәтижеге қол жеткізді. 20 сәуірде науқас сауығып, үйіне шығарылды. Бүгінгі таңда барлығы 15 қала тұрғыны коронавирустық инфекциядан емделіп, үйіне шығарылды.
Ауруханадан шығарылған пациенттердің зертханалық зерттеулері теріс нәтиже көрсетті, денсаулық жағдайының жақсарғаны атап өтуге болады. Олар медициналық қызметкерлердің уақытылы көмек көрсетуінің арқасында емделді.

Жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан 86 пациенттің жағдайы тұрақты, оның үшеуі жан сақтау бөлімінде жатыр, бір азамат жасанды таныс алу аппаратына қосылған.

Шымкент қаласы бойынша барлығы 57 ошақ тіркелді, 5 ошақтан карантин алынды (Самал-1, Тайманов көшесі; Төреқұлов көшесі; Мақталы көшесі, 8 ш / а.Желтоқсан 3А ).

Қала бойынша барлық кіру пункттерінде 17 блок-бекет қойылған. Блок бекеттердің барлығында жедел жәрдем бригадасы, сондай-ақ медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдарының орта медицина қызметкерлері (фельдшерлер, медбикелер) жұмыс істейді.

Блок-бекеттердің медицина қызметкерлері жеке қорғану құралдарымен (әр ауысымды ескере отырып) және байланыссыз термометрлермен қамтамасыз етілген.

Денсаулық сақтау басқармасының жанында тәулік бойы режимде COVID-19 бойынша қолайсыз елдерден келген азаматтарды қоңырау шалу және мониторинг жүргізу үшін 15 адамнан тұратын мониторинг тобы  жұмыс істеуде.

ҚР ДСМ мен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитетінен түскен ақпарат қаланың медициналық ұйымдары мен қызметтеріне жедел түрде беріледі. Мониторингтік топтың жұмысы барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын өткізу пункттері арқылы келген 1592 азамат және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан келген 6418 азаматқа қоңырау шалынды. 112-і азаматқа ІІД арқылы іздеу жарияланды. 2020 жылдың 11 сәуірінен бастап жұмыс "COVID-19 бақылау орталығы" веб-қосымшасы арқылы жүзеге асуда.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы жанында Call-орталығы жұмыс істейді. Орталықтың телефон нөмірі 39-33-47. Call-орталығы 105 медициналық ұйыммен біріңғай жүйе арқылы жұмыс істейді. Оның ішінде 33 мемлекеттік мекеме, 72-сі жеке меншік. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап он бірінші сәуірге дейін Call-орталыққа келіп түскен қоңыраулар саны - 5046, қабылданған қоңыраулар саны – 3215 (оның ішінде шағымдар-268, өтініштер-2948).

Шымкент

Пікірлер