Уханьдағы коронавирустан қайтыс болғандардың саны 50%-ға төмендетілген

2174
Adyrna.kz Telegram

Қытайдың Ухань қаласындағы коронавирустан қаза болғандардың саны эпидемия кезінде бастапқыда айтылған 1.300 адамнан бірнеше есе көп болған.

Бұны қытай билігі "бұл дерттің құрбандар санын жасыру үшін айтылған мәлімет емес, эпидемияның алғашқы күндерінің дүрбелеңінен сақтану үшін айтуға мәжбүр болған ақпарат" дейді.

Билік бастапқыда вирустың құрсауындағы алғашқы болып қалған Ухань қаласында 2.579 адам қаза болғанын хабарлағанымен, олардың саны сағат сайын артып жатты деп мәлімдеді коронавирусқа қарсы күреске жауап беретін жергілікті үкіметтік жұмыс тобы.

Әйткенмен, қайтыс болған жандардың жақындарының күлін алуға келген адамдардың ұзын сонар кезектеріндегі фотосуреттерді жариялағаннан кейін, қаза тапқандардың саны ресми түрде жарияланғандардан жоғары болғаны туралы қауесет пайда болып, қытай билігі деректерді қайта қарап, өздерінің ақпараттық кеңістігіне түзетулер енгізіп, қаза болғандардың санын 4.632 адамға дейін қайта қарады.

Бұл жайлы "Ауруханалар сыйымдылығы шектеулі болуынан, медицина қызметкерлерінің жетіспеуінен, бірнеше медициналық мекемелер жергілікті органдармен уақытында байланыса алмауынан, бұл аурудың расталған жағдайлары мен пациенттерді санаудағы кейбір дәлсіздіктер туралы хабарламалардың кешігуіне алып келді",-деп хабарлады CGTN мемлекеттік телеарнасы Уханьнан шыққан аты көрсетілмеген шенеуніктің сөзіне сүйене отырып.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдағы өлім-жітім саны туралы жарияланған деректер жөнінде күмән келтіріп, "Сіздер шынымен Қытай деп аталатын үлкен елдегі көрсетілген осы сандарға сенесіздер ме?... Біреу шын мәнінде оған сенеді ме?"- деген болатын.

Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссияның деректері бойынша. Қытайдың материктік бөлігіндегі дертпен аурырғандардың жалпы саны 82.367 құрайды.

Ақпарат https://m.ru.investing.com/news/coronavirus/article-1964031 сайтынан алынды.

Аударған: Бекзат Болатұлы,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер