Ер есімі - ел есінде

3098
Adyrna.kz Telegram

Баршамыз туған жеріміздің батырларын ардақтап, ұмытпауға міндеттіміз. Туған жерімнің батырларымен әрқашан мақтанамын.

Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасов 1920 жылы 11-ақпанда Сарыағаш ауданы Қызыләскер ауылында дүниеге келген. Лесбек атамыз Ұлы Отан соғысының ардагері. Кеңес Одағының Батыры (24.03.1945). 2-дүниежүзілік соғыста Қызыл тулы 316-атқыштар дивизиясы құрамында Сумы, Белгород, Орел қалалары маңында, Дунай жағалауында болған ұрыстарға қатысты.

Дунай өзенінен өту кезіндегі ұрыста рота командирі асқан ерлік көрсетіп, жаудың 60 солдаты мен офицерін жойды. Соғыстан кейін педагогикалық институтты бітіріп туған ауылында мектеп директоры болды. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — үлгі" бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы — біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр — тарих. "Ел ерімен еңселі," "Елім" деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат.

Халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр- аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды.Иә, қанқұйлы, сұрапыл соғыстың біткеніне де жетпіс жыл болады. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмайтын ізін қалдырды. Жеңіс үшін төленген құнның бірі— балалық шағын соғыс өрті шарпыған балалардың көз жасы. 1995 жылы батыр атамыз жайлы ақпараттар мен естеліктерн жинақталған «Лесбек Батыр» атты кітап жарық көрді.

Бұл күнде Лесбек Жолдасов ауылымыздың мақтанышы. Ауылға «Лесбек Батыр» атауы берілді. Мектебіміз Лесбек Жолдасов атында. Мектеп ауласында Лесбек Жолдасовтың ескерткіші бар. Әр ақпан айының 11-жұлдызында Лесбек атамыздың туған күні мектебібімізде өткізіледі. Ауылымыздың үлкен-кішісі жиналып, Лесбек атамызды еске алады. Батыр атамыздың атын ұмытпаймыз, біз жас ұрпақ-ұлықтаймыз!

Даулетияр Гүлзамира,

Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті .

Ф.Қозыбақова,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Тарих және археология, этнология факультетінің

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, ғылыми жоба жетекшісі

Пікірлер