АЛМАС СЕРІКҰЛЫ: Қайтарғыштар Аустрия мен Альпі етегіндегі виллаларды қайтарсын

3802
Adyrna.kz Telegram

Мен Жеке Кәсіптемін (ИП)
Содан карантин басталғалы жұмыс тоқтады. Тоқтағанда қалай, кіріс шығысың тоқтайды да. Ақша айналмайды.
Ал шеберханам үйде, ештеңеге қарамай жұмыс жасай бердім.

Бірақ 42500тг жеке кәсіпкерлерге берілед дегенде сенгем жоқ. Өйткені мемлекет ешқашан, ешқашан оңай жем бермейді. Сырттан бақылап отырсам алғандар емес, система шикі деп ренжігендер өте көп болды. Қатыспасаң да ішің ашиды екен.
Қазақ қазақ болдым дегендегі елдің тізгінін алғандар не деген тупой, ессіз тобыр еді. Телеграм бот деп еді, фейгі қаптады. Өзімен өзі, "еңбек42500" деп сайт ашып еді. Егер айтишниктерің өздерің сияқты дебил болса, украиндарды, үнділерді жалдаңдар. Амалы көп қой. Онысы тура өздері сияқты дерт болды. Халықты улатып шулатып счет аш деп, банктер мен почтаның алдына жинады. Тағы карантин үйде отыр дейді. Айқай шу, ашу, соғыс. Ауыл ауылда осындай болды. Аурудың тарауына көмек берді.

Қарапайым ғана 2-3 күн мозговой шторм жасап, ретімен, әр өңірдің ерекшелігін, ондағы халық санын біліп,
Кімдер алатынын санатқа бөліп, бөліп бір базадан, бірнеше сайт жасаса оп оңай реттелер еді.

Бір сайтқа жк де, көпбалалы да, жалғызбасты да, жұмысынан қысқарған да кептелді де қалды. 100 мың адамды стадионға қамап, ал шығыңдар деп, бір есігін ашып қойса, бірін бірі таптап өлтіреді. Тура сол.

Ал енді қараңыз. Сен жұмыс жасайтын кәсіпкерсің. Айына тауып жүрген 3,5 млн тгең =10000$ еді. Карантин алдындағы Назарбаевтің мұнайға байланған жүйесінің арқасында 7000$ ға тең болды. Жұмысың сол баяғы. Көтен қинауың баяғы. Бірақ, табысың азайды. Ал саған келетін шикізат қымбаттады. Сенің тупойлығыңнан не жалқаулығыңнан емес. Сен сенген, үкіметті басқаруға келген менеджерлердің сорлылығынан. Экономиканы көтереміз деп ұрандап жүріп, шоу бизнес пен той бизнесті, басқарушы кругтағылардың қалтасының экономикасын көтерді.
Оған қоса каронатайм келді. Бұл сендегі жұмысты тоқтатты. Айына келетін миллиондар тұрмақ, жүзмыңдар жоқ.

Бүкіл елге жаны ашыған болған үкімет
Әрбір зардап шегушіге сабан ақшасынан 42мың  - 95$ таратамыз деді. Онысына алғаш паника көтеріп атсалысқандар ие болды. Тәлейі бар екен.

Енді өкімет айтады, артық алсаңдар 42 мың беріп отырып, оны дұрыс алмай қалғандар болса 10млн етіп қайтарсын дейді. Бұл - қып қызыл лоторея ғой.

Өй өңшең қанішерлер, қайтаратын мықты болсаңдар, әрбір депудаттың каникулда жатып алатын жалақысын, шикізатты сатып қалтасына басқанын өздерің қайтарыңдар. Аустрия мен Альпі етегіндегі виллаларды қайтарыңдар.

Жұрт шулап жүр. Қалай сонда, деп?
Қалай екенін, нақты кімдер, қандай әрекеті үшін қайтаратынын нақтыламайды тағы. Әрине, жұмысы жүріп тұрған адамға сенің 42мыңың керек еді. Біз айына одан неше есе көп салық құямыз. Үйде отырып жұмыс жасағанымызға.
Халықпен ойнауды қою керек. Ресей патшасының құлау тарихын оқыңдар?

Мен өзім, шабан үкіметтің бұл әрекетін кезекті сүрінуі деп білемін.
Осы карантинде бұдан да дерт системаларың шығып жатыр. Оны да көріп отырмыз.

Алмас Серікұлының жазбасынан

Пікірлер