Қазақстан коронавирус жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатыр

2872
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан коронавирус жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты.

"Біз ауру жұқтырудың шарықтау шегіне өтіп жатырмыз. Дәрежесі 100 мың тұрғынға 7 адамнан келеді. Осыған байланысты толық масштабта скрининг бастап жатырмыз, бұл скринингтен әсіресе елді мекендердің тұрмысын қамту мен жұқтыру қаупі жоғары қызметке тартылғандар өтеді. 20 сәуірге дейін белсенді түрде тестілеу өткіземіз", - деді Ақтаева брифингте.

"Мұнымен қатар, медициналық ұйымдар эпидемияға қарсы күшейтілген режимге өтеді, мұнда әрбір науқас жұқтырған деген күдікті ретінде қаралады, сондықтан дәрігерлер жеке қорғаныш құралдарымен ғана көмек көрсетеді", - деді ол.

Ақтаеваның айтуынша, медұйым жетекшілері персоналды қорғаныш құралдармен қамтамасыз етуі керек, себебі олардың өміріне жауапты.

"Дәрігерлерді науқастармен жұмыста сақ болуға шақырамыз, барлық қауіпсіздік шарасын сақтау керек", - деді вице-министр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер