«Мәдени мұра» болашаққа бастар жол

5161
Adyrna.kz Telegram

 

“Қазақстанның мәдени мұрасы” - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен іске асырылған стратегиялық ұлттық жоба. Бұл жобаның өзіне тән ерекшелігі - Қазақстанның өткен тарихына үңіліп, сол өткені мен болашағын бір-бірімен байланыстыра отырып көркейту.

Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылдан бастау алады. Жалпы алғанда жоба 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықты қамтыған.

Жобаның негізгі мақсаты - қазақ елінің тарихи естеліктерін, этнос, құрылымын, сонымен қатар, қазақтың бойына сіңген ұлттық мәдениетін зерттей отырып жаңа белестерге жол ашу болып табылады.Зерттеп қана қоймай дүние жүзіне қазақ халқының мәдениетін көрсету.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жобасын тек сөз жүзінде емес, іс жүзінде де керемет көрсете білді.Атап айтар болсақ, тарихи-мәдени,сәулет ескерткіштерін қалпына келтіріп, ұмытылып бара жатқан салт -дәстүрлерді, әдет - ғұрыптарды жаңғыртып,мәдениетті жаңартуды қолға алды.

 

Осы жоба барысында ғылыми дүниелерге көптеп назар аударылды. Әдебиетке, тарихқа,археологияға, этнографияға байланысты 500-ден аса кітаптар басылып шығарылды.Жобаға  Қазақстандық ғалымдар, жазушылар, әдебиетшілер, аудармашылар және де  кітапханашылар ерен еңбек атқарды.

Қортындылай келе, бұл жобаның үйретері өте көп десек қателеспейміз.Осы рухани шабыт беретін президентіміздің  жобасы әрбір жанның жүрегіне патриоттық  сезім ұялатқаны сөзсіз.

 

Қаракөз Маратқызы Тайбекова,

Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті.

Ғылыми жоба жетекшіс: Ф.Қозыбақова,

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті тарих және археология,этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

Пікірлер