Ұлттық код һәм қазақтың жады..

4092
Adyrna.kz Telegram
Satellite image of Kazakhstan with the country's flag covering it
Satellite image of Kazakhstan with the country's flag covering it

"Рухани жаңғырғанымыз" бодандықтың дәуірінде жоғалған, ұмыттырылған өмір салтымызға,тамырымызға қайта оралу,ұлттың болмысы, ұлттың ерекшелігі - Ұлттық кодтың ұлы қасиеттеріне қайта оралу іспетті.30жыл ел тізгінін берік ұстаған Елбасымыз "жаңғыру"-деп,ұлттық кодтың қазақилық 7 қасиетіне оралуды аңсайды.
Ұлттың жасалуы-қазақ әуезі.Ұлт тарихы - жеке адамның тегіне тіреледі. "Тектілік тарихы - ұлт тарихы" демекші тегіміз,аты-жөніміз. Бай мұрамыз-тіліміз. Қайталанбас-күйіміз. Ж. Баласағұни:
​​​"Адамға екі нәрсе керек тегі,
​​​Бірі тіл, бірі ділің жүректегі", - деп XI ғасырда сөз қалдырғандай-Діліміз
Әлемде туған жерін аңсайтын ұлттың бірегейі болғандықтан,топырағымыз ,киеміз және Құдай берген Жадымыз.Алты ай жырлап "Қырымның қырық батырын" тауыса алмаған Мұрын жырауды көрмесек те естідік.Осыдан қарап,есте сақтауымыз,жадымыз жаңғырған ел екеніміз көрінеді.Осы ұлттық қасиеттер орнығып, санаға құйылса толық адам дәрежесіне жетеміз. Толық адам болған соң құдайға құлшылық етуге болады.Қазаққа сөз өрнегінің жаңа қырын танытып мәлім қылған ұлы шайыр,поэзияның пайдалысын, қара сөздің қадірлісін, құнарлысын мол қалдырған ірі дана Абай аңсаған Толық адам идеалын құрайық.
Толық адам өзінің кемшіліктерін сезініп, бойынан аулақ еткенде Кемел Адам санатына жатады. Кемел Адамда ұлттық рух қайнап жатады.
Сөйтіп, таңылған танымның қамытын бұзып, жаңылған Жадты қалпына келтіріп, сарсылған сартап болған сананы жаңғыртсақ Елбасының толғауына қосқан үлесіміз болады.

Мұнар күннің мұңын артта қалдырып,
Атты сосын арайланып таң күліп.
Болашаққа бағыт алдық бақытты,
Ел болмаққа рухани жаңғырып.

Таза ұстасаң асқақтап арды нық,
Жырлау білсек ұлттық кодты ән қылып.
Санамызды сергектікке беттесек,
Ел боламыз рухани жаңғырып.

 Ғанибет Есетова,
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің студенті
Ғылыми жоба жетекшісі: Ф. Қозыбақова,
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих және археология, этнология факультетінің
Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

Пікірлер