Қазақстанда тағы 15 адам коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды "Адырна" Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстандағы коронавирус бойынша 15 сәуірдің 17:25 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 297 адам, Алматы қаласында – 380 адам, Қарағанды облысында - 81 адам, Ақмола облысында - 80 адам, Атырау облысында - 70 адам, Жамбыл облысында - 49 адам, Шымкент қаласында - 40 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 25 адам, Ақтөбе облысында - 13 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 26 адам, Павлодар облысында - 11 адам, Маңғыстау облысында - 11 адам, Қызылорда облысында - 127 адам, Батыс Қазақстан облысында - 18 адам, Түркістан облысында - 49 адам, Қостанай облысында - 5 адам, жалпы 1290 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.