Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, ел тірегі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел басқарғанына 30 жыл!
Бұл мақаланы еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнағым келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің еліміз, жеріміз үшін көптеген пайдалы істер жасады. Әртүрлі жолдаулар жолдады. Пайдалы стратегиялар ұйымдастырды. Еліміз өте қарқынды дамыды. Мысалға «Қазақстан-2030» стратегиясы. Осы стратегия барысында дүниежүзіндегі ең мықты мемлекет АҚШ бізге нарықтық экономикасы біршама дамыған деген атақ берді, әлеуметтік-экономикалық жүйе қалыптасты. Макроэкономиканы тұрақтандырды. 2010 жылдан бастап «Қазақстан-2050» стратегиясын қалыптастырды. Кейін «100 нақты қадамға» көштік. Осының бәрі біздің қамымыз.
Елбасы елді 30 жылдай басқарды. Өз еңбек жолын жәй ғана металлургтан бастап, осындай дәрежеге көтерілді. Елді әділ әрі жүйелі басқарды. 2008 жылға дейін елімізде үлкен дағдарыс болып жатты. Назарбаевтың арқасында 2008 жыл біз дүниежүзілік дағдарыстың ең ауыр кезеңінен шықтық. Экономикалық дағдарыс деген елде соғыстың болуы және халық санының төмендеуі. Осындай ауыр жағдайдан елді өзінің біліктілігімен шығарды. Халқымыздың жартысы оның саясаты дұрыс емес дейді. Мен оларды мүлдем түсінбеймен. Егер саясаты дұрыс болмаса, елді осындай жақсы күйге жеткізе ме?! Мен оның еңбегінде, қызметінде қатты құрметтеймін. Ол елді басқарып кана коймады. Ол біздің мемлекет болып қалыптасуымызға үлкен жол ашты. Сол кісінің арқасында біз қазіргі дәрежеге жеттік. Бұрын бізді ешкім танымаса, қазірде бізді біраз халық, мемлекеттер таниды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір шаңырақ астына әр түрлі ұлт өкілдерін біріктіріп, олармен тату тәтті өмір сүріп жатырмыз.
Нұрсұлтан Назарбаев өнерденде құр алақан емес. Мысалға домбырада ойнайды және ән айтатында өнері бар. Ең бастысы - жазған кітаптары. Мағынасы да, мәні де ерекше. Мен жақында ғана Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын оқыдым. Бұл жердегі басты мәліметтер, яғни президентіміздің өз көзімен көріп, өз қолымен жазғандары. Бүкіл елде орын алған қақтығыстарға Қазақстанның өз пайдасын қай жағынан көрсеткендіктері жазылған. Кітап Қазақстанның басқа елдермен келісімі, президенттермен келіссөзі, өзекті проблемалармен күресін бәрін қамтиды. Тек осы кітап қана емес, басқа да еңбектері бар.
Енді ойымды қорыта келе Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысымды білдіремін. Осындай рухы биік, беделді ел болғанымыз үшін. Дәрежемізді асырғаны үшін. Экономикамызды өсіргені үшін. Жалпы айтқанда бәрі үшін. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының маңдайына біткен бақыты.
Әдемі Ерікқызы Муратова,
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Филология және әлем тілдері факультетінің Қазақ тілі әдебиеті кафедрасының
1 курс студенті
Фатима Ақынбаевна Қозыбақова,
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих және археология, этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, ғылыми жоба жетекшісі