«Ақ жол» Демократиялық партиясы екінші деңгейлі банктердің несие төлемдерін 3 айға шегеру ісін жеткіліксіз деп санайды

4413
Adyrna.kz Telegram

"Ақ жол" қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы М.Әбілқасымоваға екінші деңгейлі банктердің несие төлемдерін үш айға шегеру шараларының жеткіліксіз екенін айтып хат жолдады.

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің төрайымы
М. Әбілқасымоваға

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Агенттіктің екінші деңгейлі банктердің несие төлемдерін 3 айға шегеру іс - шараларын жеткіліксіз деп санайды.
2020 жылғы 4 сәуірдегі Сіздің кенеттен келген қиындықтар жағдайының өзінде (ҚР Азаматтық Кодексінің 374 және 359 баптарына сілтемемен) несиенің үстеме пайызы мен негізгі қарызды шегеру мүмкін емес, тек ауыстыруға ғана болатыны туралы берген түсініктемеде қазіргі дағдарыстың ауқымы мен оның зардаптары ескерілмеген.
«Ақ жол» партиясына жеке тұлғалардан, шағын және орта бизнестің қарыз алушы өкілдерінен түскен арыз-шағымдар олардың көпшілігі толығымен күйреу алдында тұрғанын көрсетеді. Мұндай хабарлар «Атамакен» ҰКП-ның мәліметтерімен де расталады: кәсіпкерлердің үштен бір бөлігі (29%) өздерінің қаржылық жағдайының қауіпті екенін, ал жартысына жуығы (46%) тұрақсыз деп бағалайды. Басқаша айтқанда, кәсіпкерлердің төрттен үш бөлігі қазіргі дағдарыста белгісіздік жағдайында отыр, кез-келген қосымша жағдай оларды банкротқа ұшыратуы мүмкін.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комиссия бұрын-соңды болмаған қадамдарға барғаны, мысалы, бірқатар экономика секторының өнімдері үшін қосымша құн салығын төмендету сияқты шаралар қабылдағаны тегін емес. Дегенмен, қазіргі қолданыстағы Салық кодексінде бұндай мөлшерлемелер ескерілмеген, яғни, Мемлекет басшысы заңға қарамастан, қазіргі Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік мүдде мен экономикалық салдарға сай шешім қабылдады.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы бұндай шешімдерді орынды және өкілетті деп санайды және салық заңнамасына енгізілетін өзгертулерді талқылау кезінде (2012 жылдан бері) тағы да басымды әлеуметтік маңызды тауарлардың қосымша құн салығы мөлшерлемелерін тиісінше төмендету туралы өзгеріс енгізеді.
Сонымен қатар, біз осынау жағдайдың ауыртпалығын және күтілетін дағдарыс зардаптарын ескере отырып, заңнамалық реттеулер кезінде осындай ахуалдар бойынша қажетті көмек көрсетуге дайын екенімізді жеткіземіз.
Жоғарыда айтылғандай, шағын және орта бизнестің ауыр жағдайға түскеніне бұдан бөлек дағдарыс басында ҚР Ұлттық банкінің қате қабылдаған, яғни ағымдағы жылдың 10 наурызында базалық мөлшерлемелерді 9,25%-дан 12%-ға дейін көтеру туралы шұғыл шешімі де ықпалын тигізбей қоймады. Осының салдарынан көптеген екінші деңгейлі банктер (кәсіпкерлердің өздерінің бастамасына сайып) сол сәтте несиелер бойынша пайыздарды 3-5%-ға өсірді. Алайда, ҚР Ұлттық банкі өзінің шешімін қайта қарағанмен, несиелердің қайта төмендемеді.
Сонымен, несие төлемдерін шегеру туралы мәселеге қайта оралсақ, алған несие сомаларын банктерге қалай болғанда да қайтарылатыны ескерілгенмен, қазіргі Төтенше жағдай кезінде қарыз алушының табысы мүлдем ескерілмеген. Өйткені, олардың кірісі ешқайда «шегерілген» жоқ, тек табыс болған жоқ, сондықтан оларға шегерілген төлемдерді төлейтін мүлде мүмкіндік жоқ. Оларды ары қарай да қыспаққа алу шағын және орта бизнесті банкроттыққа душар етіп, қаншама отбасыларды кедейшілікке итермелейді.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы мұндай амалдар мемлекеттік мүддеге сай емес деп санайды. Агенттіктің қызметі қазіргі қолданыстағы заңнаманы түсіндіру ғана емес, сондай-ақ, банктердің кірісімен бірге, қоғамның негізгі бөлігінің төлемдік қабілетін ескеріп, қаржы нарығы тұрақтылығын сақтауға көзделген шешімдерді қабылдау деп санаймыз. Қарыз алушы шағын және орта бизнестің үлкен бөлігі, 75% -ы қиын жағдайда қалуына көз жұмып қарауға болмайды.
Осыған орай, «Ақ жол» Демократиялық партиясының парламенттік фракциясы аталған мәселені қарап, екінші деңгейлі банктер мен мемлекетпен бірлесе отырып, Төтенше жағдай кезеңінде ауыр жағдайға ұшыраған азаматтар мен шағын және орта бизнес қарыз алушыларының негізгі қарызы мен пайыздары бойынша төлемдерді жою туралы шараларды қарастыруды сұраймыз. Ондай қарыз алғандарды анықтау қазірден бастап жүргізілуі тиіс. Банктер әрбір қарыз алушының жағдайына қарап, директивалық нұсқауды күтпей, өздерінің шешімдерін ұсынуы қажет деп санаймыз. Ал, Агенттік өзінің тарапынан қабылданған қадамдарды жүйелендіріп, сонда-ақ, Үкіметпен мұндай қадамдарда мемлекеттің үлесі мен іс-шараларын әзірлеумен шұғылдануы қажет деп санаймыз.

Құрметпен,
«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

А.Перуашев

Пікірлер