Токио Олимпиадасы келер жылы да өтпеуі мүмкін

2451
Adyrna.kz Telegram

Токио Олимпиадасы ұйымдастыру комитетінің директоры Тосиро Муто төртжылдықтың басты бәсекесі келесі жылы да өтпей қалуы мүмкін екенін айтты.

Келер жылдың шілде айына дейін бүкіл әлем пандемияны бақылауда ұстай алады деп ешкім сеніммен айта алмайды. Сондықтан біз де сіздерге нақты жауап бере алмаймыз. Жуырда Олимпиада ойындарын бір жыл кейінге шегеруге шешім қабылдаған болатынбыз. Сол үшін де 2021 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыруға бар күшімізді салып жатырмыз. Біз келесі жылы адамзат коронавирус кризисін жеңетініне сенгіміз келеді. Балама жоспарлар туралы ойлаудың қажеті жоқ деп есептеймін. Бар күшімізді дайындыққа және қазіргі мәселелерді шешуге жұмсауымыз қажет. Адамзат бұл індетті жеңу үшін бар білімін пайдалануы керек, – дейді Тосиро Муто.

Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті мен Токио Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын 2021 жылға ауыстырған болатын.

 

Фото: интернет желісінен

Пікірлер