Қ.Тоқаев: Азаматтарымызға көмектесу үшін бұрын-соңды болмаған көлемде қыруар қаржы бөлінді

3744
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында  жағдай тұрақты екенін айтты. Президенттің сөзінше, шұғыл шаралардың арқсында коронавирус елде кең таралмаған.

"Бүгінде біз уақытында жүзеге асқан шұғыл шаралардың арқасында індеттің кең таралуына жол бермедік. Мұны халықаралық қоғамдастық оң бағалап отыр. Тұрғындарға және бизнеске қолдау көрсету мақсатында дағдарысқа қарсы нақты шаралар қабылдадық. Азаматтарымызға көмектесу үшін бұрын-соңды болмаған көлемде қыруар қаржы бөлінді. Көптеген мемлекет халқына осындай қолдау көрсете алған жоқ. Төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды міндеттердің бірі - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы белгіленді", - деді мемлекет басшысы.

"Тұтастай алғанда, жағдай бақылауда. Елорда мен Алматыдағы қазіргі жағдай тұрақты. Бірақ, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында ауруға шалдыққандардың саны артып кетті. Бұл атқарылған жұмыстардың жеткіліксіздігін білдіреді.  Сондықтан да қосымша шаралар қабылдау қажет," - деді Тоқаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер