Қытайлық вирусолог коронавирустың екінші толқыны туралы айтты

2553
Adyrna.kz Telegram

REUTERS©

Шанхайдағы коронавирус бойынша сарапшылар тобының жетекшісі Чжан Вэньхун Қытайға коронавирустың екінші толқыны жақындап келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Caixinglobal.

"Биліктегілердің елде COVID-19 таралуы тоқтап жатыр деген мәлімдемелеріне қарамастан мен алда әлі де біраз уақыт абай болуға кеңес беремін. Біз пандемияның екінші толқынына дайын болуымыз керек. Ол басталып кетті", - дейді қытайлық вирусолог.

Чжан коронавирус пандемиясының екінші толқынынан қашып кету мүмкін еместігіне сенімді.

Оның айтуынша, вирустың жаңа толқыны біріншісіне қарағанда ұзаққа созылып, салдары бұдан да қайғылы болуы мүмкін.

Tengrinews.kz

Пікірлер